Түркістан облысында алғаш рет дауыс берген азаматтарға Абай Құнанбаевтың кітаптары сыйға тартылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл ерекше бастама Сайрам ауданындағы №533 референдум учаскесінде жүзеге асырылды. Алғаш рет дауыс беру құқығына ие болып, учаскеге келген азаматтарға қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшыл Абайдың шығармалары ұсынылды. Игі шараның басты мақсаты – ұлттық құндылықтарды насихаттау және тұрғындарды қазақ әдебиетінің классикалық мұрасымен таныстыру.
Сайрам аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Сәбит Аппазұлының айтуынша, дауыс беру күні учаскелерде мәдени-ағарту шаралары ұйымдастырылып, келушілерге түрлі кітаптар таратылады.
«Мұндай іс-шаралар азаматтардың белсенділігін арттырып қана қоймай, халқымыздың рухани байлығын насихаттауға мүмкіндік береді», – деді ол.
Жалпы, Түркістан облысы бойынша бүгін барлығы 947 референдум учаскесі жұмысын бастады. Облыста дауыс беру құқығына ие азаматтардың саны – 1 187 257 адам. Бұл өңір халқының 55,4 пайызы.
Аймақта дауыс беру учаскелерінің ең көп саны Сайрам ауданында – 89, Сарыағаш ауданында – 82, Жетісай ауданында – 75, Төлеби ауданында – 69 және Түркістан қаласында – 65 учаске. Барлық учаскелер жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.
Meta компаниясының бас директоры Марк Цукерберг жақын арада жасанды интеллект негізіндегі ақылды көзілдіріктер күнделікті өміріміздің маңызды бөлігіне айналып, тіпті смартфондар мен ноутбуктерді алмастыруы мүмкін деп санайды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







