Түркістан облысы Қарабұлақ ауылдық округінде тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері Ахмеджан Анартаев бүгінгі референдумда өз таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қарт майдангер Қарабұлақ ауылындағы №580 референдум учаскесіне келіп, дауыс берді. Ел үшін маңызды бұл саяси шараға белсене қатысқан ардагер ақсақал учаскеге келген азаматтарға, комиссия мүшелері мен бақылаушыларға ақ батасын беріп, референдумның ел игілігі үшін табысты өтуіне тілектестік білдірді.
Қазіргі таңда Ахмеджан ақсақалдың 9 баласы, 28 немересі мен 5 шөбересі бар.
Айта кетейік, бүгін, 15 наурыз күні Түркістан облысы бойынша жалпы саны 947 референдум учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап жұмыс істеп тұр. Өңірде дауыс беру құқығына ие азаматтар саны – 1 миллион 187 мың 257 адам. Дауыс беру кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Қанның қалыпты сұйықтық деңгейінде болуы, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Сол себепті күніне 1,5-2 литр сұйықтық тұтыну қажет.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







