Наурызнама онкүндігі аясында Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр» күніне арналған тағылымды кездесу өтті, де жазады Ertenmedia.kz.
Іс-шараны Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастырды. Кездесудің басты мақсаты – бабалардан аманат болған салт-дәстүрлерді дәріптеп, ұлттық құндылықтарды жас ұрпаққа кеңінен насихаттау.
Жиынды Түркістан облыстық қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Эльмира Жанғазиева жүргізді.
Кездесуде ұлттық дәстурлер туралы бейнеролик көрсетіліп, ақжаулықты әжелер шашу шашып, ән шырқап, жиынға ерекше ұлттық рух берді. Қатысушы жастарға «Бестемше», «Асық ату» ойындарының ережелері түсіндіріліп, жастар бұл ойындарды іс жүзінде ойнап көрді.
Жиынға арнайы шақырылған спикерлер құнды ойларымен бөлісті. «Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының» ардагер Нұржамал Халыбекова ұлттық салт-дәстүрлеріміздің тәрбиелік мәні туралы баяндама жасады. Ал ақын Тұрар Тілеулиев Түркістан қаласы білім бөлімі өнер мектебінің директоры ұлттық өнердің рухани мұрадағы орнына ерекше тоқталды.

Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ доценті, Тоғызқұмалақ қайраткері Қашымхан Дәуренқұлов Түркі халықтарының зияткерлік ойындары орталығының директоры ұлттық зияткерлік ойындардың тәрбиелік мәні мен маңыздылығын атап өтті. Ал Түркістан облысы бойынша «Асық ату» ұлттық спортының бас маманы Нұрбек Рысбек ұлттық спорт түрлерінің жастарды тәрбиелеудегі рөлі туралы айтты.
Сондай-ақ, кездесуге белгілі айтыскер ақын Бекарыс Шойбеков арнайы қонақ ретінде қатысып, шараның мазмұнын арттырды.
Жиын барысында қатысушылар ұлттық мұраны сақтау, оны келешек ұрпаққа жеткізу туралы ойларын ортаға салды.
Шара соңында қатысушылар Наурыз мерекесімен құттықтап, ұлттық салт-дәстүрдің халық рухының мәңгі тірегі екенін атап өтті.
Көз дәрігерлері көздің саулығын сақтап, көру қабілетін жақсарту үшін қажетті дәрумендер мен микроэлементтер туралы тілшілерімізге айтып берді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







