Түркістанда конституциялық реформаны қолдауға арналған ерекше мурал ашылды. Мурал қаланың басты туристік орталығы Керуен сарай кешені аумағындағы тұрғын үйдің қасбетіне салынған. Бұл жобаны кәсіпкерлер жеке қаражаты есебінен жүзеге асырды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жаңа муралда елдегі саяси жаңғыру мен әділетті қоғам құру идеялары көрініс тапқан. Заманауи өнер арқылы конституциялық реформаның мәні, халық бірлігі мен заң үстемдігінің маңыздылығы бейнеленген.
Аталған бастамаға азаматтық қоғам өкілдері мен кәсіпкерлер белсенді түрде қатысты. Жобаның әлеуметтік маңыздылығын қоғам жоғары бағалап, бизнестің ел болашағына жауапкершілікпен қарауының үлгісі ретінде қабылдады.
Муралдың ашылу салтанаты аясында жастардың қатысуымен флешмоб өтті. Іс-шара барысында қатысушылар конституциялық реформаны қолдауға арналған ұрандар айтып, референдум тақырыбында аспанға шарлар ұшырды. Бұл символикалық әрекет елдің жарқын болашағына деген сенім мен азаматтық жауапкершіліктің көрінісі болды.

Жастар Конституцияның елдің бірлігі, тұрақтылығы мен әділеттілігі үшін маңызын ерекше атап өтті. Ашық аспан астындағы патриоттық акция қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Жаңа мурал Түркістанның туристік тартымдылығын арттырып, қала келбетін одан әрі көркейте түсті. Бүгінде мурал жастар арасында танымал фотозонаға айналған. Бұл – қоғамдық құндылықтарды өнер арқылы насихаттаудың жарқын мысалы.
Жүзеге асырылған жоба конституциялық реформаның маңызын түсіндіруге арналған шығармашылық бастамалардың бірі. Бұл оқиға ел болашағына бейжай қарамайтын азаматтардың белсенді ұстанымының айқын дәлелі.
Жаңа Конституциядағы азаматтардың еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған өзгерістер Түркістан облысы Ордабасы ауданының «Темірлан абаттандыру» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны жұмысшыларымен талқыланды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







