Синоптиктер тұман, көктайғақ, боран және екпінді желге байланысты сақ болуға шақырады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында және таулы аймақтарында тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Алакөл маңында оңтүстік-шығыс желі 15-20 м/с, кей сәтте 23-28 м/с дейін күшейеді.
Маңғыстау облысының батысы мен солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кей жерлерде 25 м/с дейін жетеді. Ақтауда түнде және таңертең жел екпіні 15-20 м/с.
Атырау облысының батысы, оңтүстігі және шығысында тұман. Жел бағыты ауысады, екпіні 15-18 м/с. Алматы облысының солтүстігі мен таулы аймақтарында тұман, көктайғақ. Алматыда түнде және таңертең тұман, Қонаевта көктайғақ күтіледі.
Қостанай облысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, боран, көктайғақ болады. Жел 23 м/с дейін күшейеді. Ақтөбе облысында қар, жаңбыр, көктайғақ және төменгі боран күтіледі.
Астанада түнде қар, күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ және тұман болады. Жел екпіні 20 м/с дейін жетеді.
Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы бөлігінде жаңбыр, найзағай, тауда нөсер жаңбыр күтіледі. Жамбыл облысының таулы аймақтарында қатты жауын-шашын, көктайғақ және тұман болады.
Ұлытау, Қарағанды, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Ақмола облыстарында қар, боран, көктайғақ және екпінді жел болжанып отыр. Кей өңірлерде жел 28 м/с дейін күшеюі мүмкін.
Қызылорда облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Синоптиктер тұрғындарға жолға шыққанда абай болуды, алыс сапарды шектеуді және ауа райы туралы жедел ақпаратты бақылап отыруды ұсынады.
Ғимарат іргетасын ылғал мен жылу жоғалтудан қорғауға арналған дренаж және оқшаулау жүйесінің көлденең қимасы қалай жұмыс істейтінін білесіз бе?
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

