16 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тек кейбір өңірлерде жаңбыр, қар, тұман түсіп, желдің екпіні күшеюі ықтимал.
Петропавл, Қостанай, Көкшетау, Қарағанды және Астанада ауа райы жауын-шашынсыз, бұлтты болады. Күндізгі ауа температурасы +2…+4 градус шамасында, түнде −5…−10 градусқа дейін төмендейді. Астанада кей уақыттарда тұман түсуі мүмкін.
Өскеменде түнде қар жауады, күндіз жауын-шашын аралас (қар мен жаңбыр) түседі. Күндіз −2…0 градус, ал түнде ауа температурасы −10…−12 градусқа дейін төмендейді. Семейде жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы болжанды: күндіз −1…−3, түнде −10…−12 градус.
Павлодарда ауа райы жауын-шашынсыз болады. Күндізгі температура −2…−4 градус, түнде −12…−14 градус аралығында сақталады.
Орал, Атырау және Ақтөбе қалаларында жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Бұл қалаларда күндіз ауа +5…+12 градусқа дейін жылынса, түнде −4…+2 градус аралығында өзгереді.
Ақтауда таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +12…+14 градус, ал түнгі мезгілде +6…+8 градус аралығында болады.
Тараз, Шымкент, Түркістан және Қызылорда қалаларында жауын-шашын күтілмейді. Таразда түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін, ал Қызылордада күндіз жел күшейеді. Аталған қалаларда күндізгі температура +8…+15 градус, түнде −2…+1 градус шамасында болады.
Алматы, Қонаев және Талдықорғанда жауын-шашынсыз, бұлтты ауа райы болжанды. Алматыда түнгі уақытта тұман күтіледі. Мұнда күндіз ауа температурасы +5…+8 градус болса, түнде −3…−5 градус аралығында сақталады.
Қытайдағы Бейжің университетінің ғалымдары ақпаратты электр тогының орнына жарық арқылы өңдейтін жаңа «толық оптикалық» чип жасап шығарды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







