2026 жыл шылым шегетіндер үшін жағымсыз жаңалықпен басталды. Биылдан бастап темекінің бағасы көтеріліп, қалтаға түсетін салмақ біршама арта түспек деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Қаржы министрлігінің бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап темекінің кез келген түрі фильтрі бар не жоқ темекі, папирос, сигарилла, сондай-ақ қыздырылатын табак өнімдерінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы 970 теңгеден кем болмауы тиіс.
2025 жылдың екінші жартысында, яғни шілде мен желтоқсан айлары арасында дәл осындай өнімдердің минималды бағасы 920 теңге болған еді.
Демек, темекі тартатындар жаңа жылдан бастап әр қорап үшін қосымша 50 теңге артық төлейтін болады.
Еске сала кетейік, аталған өзгерістер өткен жылдың шілде айында бекітілген. Сол кезде Қаржы министрі 2022 жылғы 22 ақпанда қабылданған №196 бұйрыққа өзгерістер енгізіп, темекі өнімдерінің бөлшек саудадағы ең төменгі бағасын кезең-кезеңімен көтеру жоспарын бекіткен болатын.
Бұған дейін 2026 жылдың үнсіз келген өзгерістері туралы егжей-тегжейлі жазғанбыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

