Ұлттық бірыңғай тестілеудің биылғы науқаны басталған алғашқы екі аптасында еліміз бойынша 67 мыңнан астам талапкер сынақтан өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тестілеуге қатысушылардың басым бөлігі қазақ тілінде тапсырса (66,99%), қалғандары орыс тілінде (32,88%), ал 85 талапкер ағылшын тілінде өз білімдерін сынаған.
Алғашқы екі апта қорытындысында тест тапсырушылардың 61 пайызы шекті балды еңсеріп отыр. Бес пән бойынша орташа нәтиже 59 баллды көрсетсе, ең жоғары балл – 136.
ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлер үшін арнайы қолайлы жағдайлар жасалып, осы санаттағы 192 жас түлек өз бақтарын сынауға мүмкіндік алды.
Айта кету керек, сынақ аяқталған соң тест тапсырмаларының мазмұнына қатысты 30 минут ішінде апелляцияға беруге болады. Ал техникалық ақаулар туындаған жағдайда апелляция тікелей тестілеу үстінде қабылданады. Апелляция шешімі шыққаннан кейін ғана түлектер жеке кабинеттерінен сертификаттарын жүктей алады.
Сынақтың екі аптасында 117 ереже бұзу фактісі тіркелді. Оның ішінде 69 талапкер смартфон, шпаргалка секілді тыйым салынған заттарды алып кіруге тырысып, тесттен шеттетілген. Сонымен қатар 48 талапкер сынақ барысында тәртіп бұзғандықтан аудиториядан шығарылып, нәтижелері бірден жойылды. Біреудің орнына тест тапсыру оқиғалары тіркелмеген.
Сондай-ақ ҰБТ бейнежазбалары биыл 31 қазанға дейін тексеріледі. Осы кезең ішінде талапкердің ереже бұзғаны анықталса, оның тест нәтижесі кейін де жойылуы мүмкін.
Осы жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін еліміз бойынша 184 мыңға жуық өтініш түскенін еске саламыз.
Сәтбаев университетінің ғалымдары қоршаған ортадағы механикалық тербелістерді электр энергиясына айналдыратын шағын әрі тиімді құрылғы әзірлеуде.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







