21 наурыз күні Алматыда болған жантүршігерлік жол апатына кінәлі жүргізуші танымал кәсіпкер болып шықты. Журналист Михаил Казачковтың айтуынша, Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында Zeekr 9X маркалы автокөлігі қарсы бетке шығып кетіп, «Мерседеспен» бетпе-бет соқтығысқан. Жантүршігерлік апат салдарынан «Мерседестің» ішінде отырған үш адам 29 жастағы жүргізуші және 22 мен 20 жастағы екі жолаушы қыз қаза тапқан. Ал Zeekr жүргізушісінің қабырғасы, жамбас сүйегі мен оң аяғы сынған, деп жазады Ertenmedia.kz.
Журналистің айтуынша, Zeekr көлігін басқарған азамат 32 жастағы Александр Пак есімді бизнесмен. Ол Алматының жоғарғы бөлігінде тұрады және көлік саласында жұмыс істейтін екі компанияның негізін қалаушы.
Оның бірі 2025 жылы құрылған «ГУ ХОЗУ Алматы» ЖШС, бұл компания өткен жылы жарты миллион теңге шамасында салық төлеген.
Ал екінші компания 2024 жылдың күзінен бастап жұмыс істейтін «Глобал Партнер» ЖШС, ол осы уақытқа дейін бюджетке 50 миллион теңгеден астам салық түсірген. Соған қарағанда, компанияның қаржылық айналымы өте жоғары. Журналисттің пікірінше, Пактың тізгіндеген Zeekr көлігі 100 мың доллар шамасында тұрады, бұл оның материалдық жағдайының жақсы екенін көрсетеді.
Дегенмен Михаил Казачковтың пікірінше, бұл оның жазадан жалтаруына себеп болмауы тиіс. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі адам 5-тен 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Бірақ оқиғаның куәгерлері сол түні Zeekr көлігінің тағы бір автокөлікпен жылдамдық жарыстырғанын айтады. Журналистің айтуынша, бұл өте маңызды жайт және сот кезінде міндетті түрде ескерілуі тиіс.
– Әлемдік тәжірибеге қарасақ, мұндай жағдайларда кінәлі жүргізушілерге басқа елдерде әлдеқайда қатаң жаза тағайындайды. Мәселен, Ресейде осындай оқиға үшін 15 жылға дейін, АҚШ-та 20 жылдан жоғары, ал Германияда тіпті өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы белгіленуі мүмкін, – дейді Михаил Казачков.
Журналист Қазақстан заңнамасының осы жағынан әлсіз екенін атап өтті және мұндай олқылықтарды түзету қажеттігін айтты. Оның пікірінше, кінәлі азамат міндетті түрде заң алдында жауап беріп, тиісті жазасын алуы керек.
Автоөлік иелері арасында қозғалтқыш майын толық ауыстырмай, мөлшері азайғанда үстінен май құйып тұрса жеткілікті деген жаңсақ пікір тараған. Бұл жаңсақ пікір екенін ұмытпаңыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







