Ұйқы безі қызметінің бұзылуы созылмалы панкреатит, фермент жетіспеушілігі және басқа да аурулар адамның өмір сапасына айтарлықтай әсер етеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Мұндай жағдайда тек дәрі-дәрмекпен шектелмей, табиғи дәмдеуіштер де ағзаға көмектесе алады. Асқазан-ішек жолдары ауруларын емдеу маманы, гастроэнтеролог Айгүл Ержанқызы осыған қатысты пайдалы кеңестерімен бөлісті.
Ферменттер мен дәмдеуіштердің айырмашылығы неде?
Ферменттік препараттар (мысалы, панкреатин) – липаза, амилаза және протеаза сияқты маңызды ферменттерден тұратын дәрілік заттар. Олар ағзадағы жетіспейтін ферменттерді тікелей толықтырып, тағамның қорытылуын жақсартады. Ал дәмдеуіштердің қызметі бұдан өзгеше. Олар қабынуға қарсы, антиоксиданттық, спазмолитикалық әсер береді және ұйқы безінің өз ферменттерін бөлу қабілетін арттыруға көмектеседі. Дегенмен, ешқандай дәмдеуіш ферменттік препараттарды алмастыра алмайды.
Ұйқы безіне пайдалы негізгі дәмдеуіштер:
Куркума
Ұйқы безінің қабынуына қарсы зерттелген ең тиімді дәмдеуіш – куркума. Оның құрамындағы куркумин қабынуды тудыратын NF-kB және COX-2 молекулаларын тежеп, антиоксиданттық және қабынуға қарсы әсер көрсетеді. Дегенмен, куркуминнің ағзаға сіңімділігі төмен болғандықтан, оны өсімдік майларымен бірге қолданған дұрыс. Алайда тек куркумамен емделуге болмайды. Нақты емдік дозасы әлі анықталмағандықтан, бұл тек қосымша құрал ретінде ғана қолданылады.
Зімбір (имбирь)
Зімбір амилаза, липаза және протеаза сияқты ас қорыту ферменттерінің бөлінуін арттырып, ас қорытуды жақсартады. Сондай-ақ оның құрамындағы гингеролдар жүрек айнуын басады, асқазан жұмысын жақсартып, жайсыздықты азайтады. Зімбірді аз мөлшерде шайға қосып ішуге немесе тағамға дәмдеуіш ретінде қолдануға болады.
Зире мен кориандр
Бұл екі дәмдеуіш көбіне бірге қолданылады және ұқсас қасиеттерге ие. Олар асқазан-ішек жолдарындағы спазмды азайтып, жел айдағыш және өт айдағыш әсерге ие. Тұқым күйінде немесе ұсақтап, тағам дайындауда қолданылады.
Қандай дәмдеуіштерді қолдануға болмайды?
Ұйқы безі аурулары кезінде барлық дәмдеуіштер бірдей пайдалы бола бермейді. Мысалы, капсаицин (ащы қызыл бұрыштың құрамындағы зат) панкреатит кезінде ауырсынуды күшейтуі мүмкін. Сондай-ақ сарымсақ пен пияз ас қорыту жүйесі сезімтал адамдарда іштің кебуі мен жайсыздық тудыруы ықтимал.
Маман кеңестері:
Дәмдеуіштерді емдік мақсатта қолданбас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз, әсіресе созылмалы панкреатит диагнозы қойылған болса.
Дәмдеуіштерді тағамға қосып қолдануға болады, алайда олардың экстракттарын немесе биологиялық белсенді қоспаларын (БАД) пайдаланбаған жөн.
Дәмдеуіштерді сатып аларда бүтін түрінде алып, қолданар алдында ғана ұсақтаған дұрыс.
«Ұйқы безінің саулығы үшін дұрыс тамақтану – өте маңызды. Ас мәзірі алуан түрлі, ақуыз бен пайдалы майларға бай болуы керек. Дәмдеуіштер сіздің тағамыңызға ерекше дәм беріп, ас мәзіріңізді түрлендіреді», – дейді Клара Сычугова.
Дегенмен, дәмдеуіштер ферменттік препараттардың орнын алмастыра алмайтынын ұмытпаңыз. Ферменттік дәрілердің мөлшерін тек дәрігер ғана белгілей алады.
Қанның қалыпты сұйықтық деңгейінде болуы, адам ағзасының дұрыс жұмыс істеуі үшін аса маңызды. Сол себепті күніне 1,5-2 литр сұйықтық тұтыну қажет.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







