Қазақстан билігі сәбіздің экспортына уақытша шектеу қоймақшы, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Шектеудің астарында елдің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсаты тұр.
Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл мәселені қоғамдық талқыға шығарып, сәбіздің жаңа және салқындатылған түрін елден шығаруға үш айға тыйым салуды ұсынды.
Экспортқа қойылатын уақытша шектеу Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдеріне де қатысты болады. Транзиттік тасымалдарға бұл тыйымның қатысы жоқ.
Жоба «Ашық НҚА» порталында жарияланып, оны талқылау 29 желтоқсанға дейін жалғасады.
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан желтоқсан айынан бастап үшінші мемлекеттер мен ЕАЭО елдерінен тауық жұмыртқасын әкелуге уақытша тыйым енгізген. Мұндағы мақсат жергілікті өндірушілерді қолдау болатын.
Бұған дейін 4-ші қаңтардан бастап «бағаны бұғаттау операциясы» басталатынын хабарлаған едік.

