Түркістан облысында референдум учаскелерінің комиссия мүшелері ұлттық киім киіп, сайлаушыларды жылы қарсы алды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бүгін, 15 наурыз күні, облыста сағат 07:00-де барлық 947 референдум учаскесі өз жұмысын бастады. Комиссия мүшелері сайлау учаскелеріне ұлттық нақыштағы киімдермен келіп, тұрғындардың көңілін көтеріп, мерекелік көңіл-күй сыйлады.
Комиссия өкілдерінің айтуынша, ел үшін саяси маңызы зор бұл шара Наурыз мерекесінің онкүндігімен тұспа-тұс келгендіктен, ұлттық киім кию арқылы халықтың патриоттық сезімі мен ұлттық құндылықтарды дәріптеуге көңіл бөлінген.
Айта кетейік, Түркістан облысында референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың саны – 1 миллион 187 мың 257 адам, бұл өңір халқының 55,4 пайызын құрайды. Дауыс беру кешкі 20:00-ге дейін жалғасады.
Ғалымдар электроника саласында жиі қолданылатын қымбат әрі сирек кездесетін индий элементін қажет етпейтін жаңа мөлдір электрод жасап шығарды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







