Жаңа Конституция терең талқыланған, ұлттық мүдде мен адам құқықтарын қорғауға бағытталған маңызды құжат, деп жазады Ertenmedia.kz.
Семей қаласындағы Абай атындағы кітапханада басталған «Қаладан – ауылға» өңірлік форумына облыс әкімі Берік Уәли, Премьер-министрдің кеңесшісі Ералы Тоғжанов, «Аманат» партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев, Қаржы вице-министрі Абзал Бейсенбекұлы, Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов, Сенат депутаты Қайрат Тастекеев, Ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілі Қайрат Көшенов, қалалар мен аудандардың әкімдері, мәслихат депутаттары, басқарма басшылары, Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарынан келген қонақтар, шаруа қожалықтарының басшылары қатысты. Форумға жалпы саны 500-ден астам адам жиналды.
Жиынның ашылуында сөз алған облыс әкімі Берік Уәли Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың саяси реформалары аясында әзірленген жаңа Конституцияның маңызын ерекше атап өтті. Оның айтуынша, бұл құжат әлемдік тәжірибе негізінде әзірленген әрі ұлттық мүдде мен азаматтардың құқықтарын қорғауға толық кепілдік береді.
– Бүгінгі жиын жай ғана ауыл шаруашылығы мен жергілікті басқарудың мәселесін талқылайтын алаң емес. Мемлекет пен халық арасындағы жауапкершілікті айқындайтын, ел дамуының бағытын белгілейтін ірі форум.
Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, жаңа Конституцияны талқылау бір күннің немесе бір айдың жұмысы болған жоқ. Жарты жылдан астам уақыт бойы жан-жақты пікір алмасулар жүрді. Конституциялық комиссияға еліміздің ең білікті заңгерлері, сарапшылары, қоғам белсенділері енді. Бұл жолы шешімді өзіміз қабылдадық. Шетелдік мамандардың араласуынсыз жасалған құжат толықтай ұлттық сипатқа ие, – деді Берік Уәли.

Президенттің бастамасымен былтыр қазан айынан бері eGov пен eOtinish платформалары арқылы азаматтардың ұсыныстары жиналған болатын. Осылайша мыңдаған пікір қаралды. Конституциялық комиссияның барлық жұмысы тікелей эфирде көрсетіліп, ашық түрде өтті. Осылайша шын мәнінде, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатының нақты жүзеге асқанына куі болдық.
– Ендігі міндетіміз Конституциядағы қағидаларды ауыл тұрмысына бейімдеп, нақты істерге айналдыру. Мемлекет адам үшін десек, ауылдағы әр тұрғынның әл-ауқаты, әрбір шаруа қожалығының дамуы – біздің басты өлшеміміз болуы тиіс, – деді Берік Уәли.
Абай облысының дамуы сөзбен емес, нақты жұмыстармен дәлелденуде. Әкімдік жұмысындағы жүйелілік, ашықтық пен жауапкершілік аймақты жаңа деңгейге көтерілгенін Бәрік Уәлидің бір жылдық жұмысының қортындысын
Абай облысының дамуы сөзбен емес, нақты жұмыстармен дәлелденуде. Әкімдік жұмысындағы жүйелілік, ашықтық пен жауапкершілік аймақты жаңа деңгейге көтерді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

