Қанат Ысқақов Қазақстанның мәдениет және ақпарат бірінші вице-министрі болып тағайындалды деп хабарлайды Ertenmedia.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қанат Жұмабайұлы Ысқақов 1982 жылы Шымкент қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін және Мәскеу мемлекеттік университетін тәмамдаған.
Еңбек жолын 2005 жылы Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қорының жетекші маманы қызметінен бастаған. Әр жылдары Мәжіліс аппаратында, Президент Әкімшілігі Мемлекеттік хатшысының хатшылығында, Президент Әкімшілігі жанындағы Стратегиялық әзірлемелер және талдау орталығында қызмет атқарған. 2012-2021 жылдар аралығында Президент Әкімшілігінің Баспасөз қызметінде сектор меңгерушісі болды.
2021 жылдан 2023 жылға дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетін басқарды.
2023 жылдан осы уақытқа дейін Мәдениет және ақпарат вице-министрі қызметінде болған.
Айта кетелік, бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Ата заңға қатысты мәлімдеме жасаған еді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

