Жетісу облысында студенттер арасында «Заң мен тәртіп» атты пікірсайыс турнирі өтіп, жастардың құқықтық мәдениеті мен сыни ойлау қабілеттері сыналды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Zhansugurov College ұйымдастырды. Турнирге облыстың бірнеше оқу орнынан 150-ге жуық студент қатысты.
Пікірсайыстың ашылу салтанатында университеттің Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректоры Болат Сериев сөз сөйледі. Ол мұндай шаралардың жастар арасында құқықтық мәдениетті арттырып, азаматтық ұстанымды нығайтудағы маңызын ерекше атап өтті.
Ой жарысында шешендігі мен тапқырлығын ортаға салған қатысушылар қатарында Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжі, Талдықорған қаласының Инновация колледжі, Авиценна медициналық колледжі, Көксу ауылшаруашылық колледжі, Сарқан политехникалық колледжі, Талдықорған жоғары аграрлық-технологиялық колледжі және Zhansugurov College командалары болды.
Турнир барысында жастар заңның үстемдігі, қоғамдағы тәртіп пен азаматтық жауапкершілік тақырыптарында пікір алмасып, өз ұстанымдарын айқын әрі нақты дәлелдермен қорғады. Олардың бұл белсенділігі құқықтық сауаттылық пен азаматтық сананың қалыптасып келе жатқандығын көрсетті.
Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды Zhansugurov College командасы иеленсе, екінші орынға Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжі студенттері тұрақтады. Үшінші орын Көксу ауылшаруашылық колледжінің командасына бұйырды.
Сонымен қатар Қанабек Байсейітов атындағы саз колледжінің студенті Айжан Айқын ерекше шешендігімен көзге түсіп, «Үздік спикер» номинациясын жеңіп алды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар, алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Жастар арасында құқықтық мәдениетті насихаттауға бағытталған осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Болат Әбілов «1999 жылы серіктестерімізбен бірге «Рамстор» сауда-ойын-сауық орталығын ашқанда Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін жабық мұз айдыны мүлде болмаған еді» деп ойын ортаға салды. Ол Шайдоровты жеңісімен құттықтады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

