Жанболат пен Жазираның әулетіне жаңа келін болып түскен Асылы оқырмандарына маңызды ескерту жасады. Ол соңғы кезде өздерінің атын жамылып, жалған парақшалар мен фейк лотереялар көбейгенін айтып, көпшілікті сақ болуға шақырды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Асылы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялаған. Оның айтуынша, кейінгі уақытта «Қазбек пен Асылы» деген атаумен бірнеше жалған аккаунт ашылып, солар арқылы қолдан жасалған ұтыс ойындары таратылып жатыр.
– Достар, маңызды ақпарат! Соңғы уақытта біздің атымыздан, яғни “Қазбек пен Асылы” деп бірнеше фейк парақша ашылып, жалған лотереялар жүргізіліп жатыр. Біз ешқандай лотерея ұйымдастырып жатқан жоқпыз. Сондықтан белгісіз парақшаларға сенбеңіздер, ешкімнің есепшотына ақша аудармаңыздар, – деп жазды Асылы.
Жас келіннің бұл ескертуі желі қолданушыларына алаяқтық әрекеттерден сақ болу қажеттігін тағы бір мәрте еске салды. Соңғы уақытта танымал адамдардың атын пайдаланып, жалған байқау мен лотерея ұйымдастыру фактілері жиілеп кеткені белгілі.
Сондықтан оқырмандарға ресми парақшалардан ғана ақпарат алып, күмәнді аккаунттар мен ақша сұрайтын хабарламаларға сенбеу маңызды. Асылы да көпшілікті дәл осыған шақырып отыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







