Бүгін Қонаев қаласындағы «Comfort» көппәтерлі тұрғын үй кешенінен 50 адам баспаналы болды. Бұдан басқа Іле ауданында «Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында жаңа медициналық орталықтар іске қосылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Заманауи жабдықталған емдеу мекемелері Ащыбұлақ ауылдық округіне қарасты Көкқайнар ауылында және «Береке» саяжай-кооперативінде орналасқан. Медициналық нысандарды салуға жауапты мердігер – «Капитал Строй Проект групп» компаниясы. Енді ауыл тұрғындарына сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсетілетін болады.

Сонымен қатар ауданда баспана мәселесін шешу мақсатында әлеуметтік осал топ өкілдеріне жаңа үйлердің кілті табысталды.
Облыс орталығы Қонаев қаласындағы «Comfort» көппәтерлі тұрғын үй кешенінен 50 адам баспаналы болса, Іле ауданындағы «Galamat» тұрғын үйінен 82 отбасы жаңа пәтерге ие болды. Жалға берілген бұл үйлерді кейін меншікке аудару мүмкіндігі де қарастырылған.
Алдағы уақытта да тұрғындардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету және қажетті инфрақұрылымды дамыту жұмыстары жүйелі түрде жалғасады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







