Қазақ ғалымдары электр энергиясын сақтау мен жинақтауға арналған инновациялық материал – екі өлшемді MXene наноматериалдарын зерттеуде жаңа жетістіктерге жетті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Satbayev University зерттеушілері осы бірегей материалды алудың тың әдістерін әзірлеп, олардың қасиеттерін кремний және белсендірілген көмір қосу арқылы жақсартуды сынақтан өткізді.
PhD докторы, жоба жетекшісі Қалижан Шәкеновтың айтуынша, алынған MXene-композиттерінің электрохимиялық сыйымдылығы дәстүрлі материалдардан айтарлықтай жоғары болып шыққан. Бұл энергия жинақтау құрылғыларының тиімділігін арттыруға зор мүмкіндік бермек.
Зерттеушілер MXene материалдарының алғашқы тәжірибелік үлгілерін әзірлеп, оларды зертханалық сынақтардан сәтті өткізді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыруға университеттің докторанттары мен магистранттары белсенді атсалысып отыр.
– Біздің материалдарымыз жаңа буындағы энергия сақтау құрылғыларының дамуына жол ашады, – дейді Қалижан Шәкенов.
Жоба қазіргі таңда бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде жалғасуда. Ғалымдар келесі кезеңде материалдарды өндірістік деңгейдегі сынақтардан өткізіп, технологияны нақты қолдануға енгізуді жоспарлап отыр.
Ғалымдар электроника саласында жиі қолданылатын қымбат әрі сирек кездесетін индий элементін қажет етпейтін жаңа мөлдір электрод жасап шығарды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







