15 наурыз жаңа Конституция қабылданса, Қазақстанның күнтізбесінде жаңа атаулы күн пайда болуы мүмкін. Биыл дәл осы күні елде жаңа Конституцияны қабылдау бойынша республикалық референдум өтеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қазір Конституция күні ресми түрде 30 тамызда аталып келеді. Бұл 1995 жылы қабылданған қолданыстағы Конституцияның бекітілген күні. Осыған орай, қазақстандықтарда «30 тамыз 2026 жылы да демалыс болып қала ма, әлде бірден өзгертіле ме?» деген заңды сұрақ туындады.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәлімдеуінше, 2026 жылы 30 тамыз әзірше мемлекеттік мереке және демалыс күні болып қала береді. Бірақ Конституция бойынша жаңа өзгерістер күшіне енсе, мереке күні заң жүзінде өзгертілуі ықтимал.
Егер жаңа Конституция қабылданса, ол 2026 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Демек, осы күннен бастап 30 тамыз Конституция күні мәртебесінен айырылып, мерекелік демалыс күні болмауы мүмкін.
«Заңнамалық тәртіппен басқа дата белгіленсе, 30 тамыз сол заң күшіне енген күннен бастап мемлекеттік мереке мәртебесінен айырылады», – деп түсіндірді министрлік.
Айта кетерлігі, 2026 жылы қазақстандықтар жалпы есеппен 119 демалыс және 246 жұмыс күні болады деп күткен еді. Конституция күні өзгерсе, бұл көрсеткіш бір күнге қысқарады.
Рамазан тек тамақтан ғана тыйылу емес, жан мен тәнді, ой мен істі тазарту кезеңі. Сондықтан әрбір мұсылман оразаның басталуы мен аяқталуында ниетін шын жүректен білдіруі тиіс. Рамазанның дұғаларын осы тұстан табасыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

