Алматы облысында ветеринария саласының материалдық-техникалық әлеуетін арттыру жұмыстары жалғасуда, деп жазады Ertenmedia.kz.
Облыс әкімдігінің қолдауымен, өңірдің ветеринария басқармасы арқылы «Өнеркәсіпті дамыту қоры» ұсынған лизинг бағдарламасы негізінде ауылдық округтердің ветеринар мамандарына 71 арнайы техника берілді.
Оның ішінде 62 «JAC T6» және 9 «ГАЗ 231073» автокөліктері бар.
Жалпы, биылғы жылы бұған дейін де ветеринария бөлімшелеріне 13 автокөлік тапсырылған еді. Жаңа техникалармен қоса есептегенде, облыстағы ветеринария саласының автопаркі 68 пайызға дейін жаңарып отыр.
Тапсырылған көліктер ветеринар мамандардың қызмет сапасын арттырып, тұрғындардың өтініштеріне уақытылы әрі тиімді жауап беруге мүмкіндік жасайды.
Сондай-ақ, автокөліктер профилактикалық және эпизоотиялық жағдайларға қарсы шараларды жедел жүргізуге, ауылдардағы мал ауруларының алдын алуға жағдай туғызады.
2025 жылы Алматы облысында ветеринария қызметінің материалдық-техникалық базасын нығайту мәселесі айрықша назарға алынған. Бұл қадамдар өңірдің биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етіп қана қоймай, агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына да елеулі ықпалын тигізеді.
Жалпы Алматы облысында радиациялық және химиялық қауіпке қарсы бірлескен оқу-жаттығулар жиі өтіп тұрадыү

