Жаңа Конституция ұлттық бірлік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз етудің негізгі құқықтық іргетасын қалауды мақсат етеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Қоғамның тұрақты дамуының алғышарты ретінде бұл қағидалар мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі болып табылады.
Негізгі заңда еліміздің көпұлтты және көпмәдениетті ерекшелігі ескеріліп, барлық азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігі қамтамасыз етілген.
Азаматтардың заң алдындағы теңдігі, олардың құқықтары мен еркіндіктерін сақтау, өзара сыйластықты нығайту – қоғамдық келісімнің берік негізі.
Сонымен қатар Конституция мемлекет пен қоғам арасындағы сенімді арттыруға ықпал етеді. Азаматтық бірегейлікті дамыту мен ортақ құндылықтарды дәріптеу арқылы ел ішіндегі татулықты нығайту көзделген.
Конституцияда белгіленген осы қағидалар елдегі тұрақтылықты сақтап, азаматтардың ауызбіршілігін нығайтып, Қазақстанның бейбіт әрі орнықты дамуының берік құқықтық негізіне айналмақ.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







