Батыс Қазақстан облысында жастар республикалық референдумға белсенді қатысып, ел болашағына қатысты маңызды таңдау жасап жатыр, деп жазады Ertenmedia.kz.
Солардың бірі Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледждің 18 жастағы студенті А. Ермекқали. Бұл – оның өміріндегі алғашқы саяси науқан. Болашақта жас студент өз өмірін жас ұрпақты тәрбиелеу саласымен байланыстырғысы келеді. Сондықтан ол жаңа Конституцияның қабылдануын ел үшін аса маңызды қадам деп санайды.
А. Ермекқали дауыс беруге алдын ала дайындалып келген. Ұқыпты студент ретінде ол жаңа Конституцияның жобасымен мұқият танысып, достарымен референдум күні алдымен дауыс беріп, содан кейін демалыс жоспарлауға келіскенін айтты.
– Елімізде референдум өтетінін естігенде, міндетті түрде қатысу керек деп шештім. Алғашында біраз қобалжыдым, қиын бола ма, әлде қандай да бір анықтамалар мен құжаттар керек пе деп ойладым. Бірақ кейін маған шақыру келді, сол арқылы өз учаскемді анықтап, басқа қажетті ақпараттарды да өзім тауып алдым, – дейді студент қыз.
Жастардың референдумға қызығушылық танытуы – оң өзгерістердің белгісі. Бұл жастардың сыни ойлау қабілеті артып келе жатқанын байқатады. Бүгінде елдегі саяси реформалар қосымша жарнаманы қажет етпейді. Жас қазақстандықтар ақпаратты өздері іздеп, жалған мәліметтерді анықтап, тәуелсіз көзқарастарын қалыптастыруда.
Айта кетейік, Батыс Қазақстан облысы бойынша барлығы 489 референдум учаскесі ашылды. Оның 136-сы облыс орталығы – Орал қаласында орналасқан.
Айтқандай авто механик жаңа әйнек тазартқыштарды сатып алмас бұрын, сарапшы олардың ұзындығын дұрыс өлшеу турасында тілшілерімізге кеңес берген берді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







