Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында жасыл энергиканы даыту аясында қуаты 1 ГВт болатын «Мирный» жел электр станциясының құрылысы қарқын алды. Қазақстандағы жаңартылатын энергетика саласындағы ең ауқымды жобалардың бірі, деп жазады Ertenmedia.kz.
Жобаны француздық әйгілі «Total Energies» компаниясы жүзеге асырады. Инвестицияның жалпы көлемі – 1,1 миллиард доллар. Электр станциясын 2028 жылдың төртінші тоқсанында іске қосу жоспарланған.
Жоба аясында Envision және SANY компанияларының 150 заманауи жел турбинасы орнатылады. Сонымен қатар француздық Saft компаниясының 600 МВт·сағ энергия сақтау жүйесі де енгізіледі.
Бұл станция жыл сайын 4 миллиард кВт·сағатқа дейін электр қуатын өндіреді деп күтілуде. Мұндай өндіріс көлемі атмосфераға шығатын көмірқышқыл газының мөлшерін жылына кемінде 3,2 миллион тоннаға дейін азайтуға мүмкіндік береді.
Жобаның басты мақсаты – Қазақстанда «жасыл» энергетиканы дамытып, елдің энергетикалық қауіпсіздігін арттыру және экономиканы декарбонизациялау.
Энергетика министрлігі елімізде жаңартылатын энергия көздерін дамытуды жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Биыл жалпы қуаты 245 МВт болатын 10 ЖЭК жобасы іске қосылады. Оның ішінде 4 жел электр станциясы, 5 күн электр станциясы және 1 су электр станциясы бар. Биыл Қазақстан 8,8 миллиард кВт·сағат «жасыл» энергия өндіруді көздеп отыр.
Энергетика нарығын дамыту мақсатында 2024-2027 жылдар аралығында жалпы қуаты 6,7 ГВт болатын аукциондық сауда-саттық жалғасады. Осы кезеңде Masdar, China Power, China Energy сияқты әлемдік компаниялардың жобалары іске қосыла бастайды.
Ұзақ мерзімді жоспар бойынша, Қазақстан 2035 жылға дейін жаңартылатын энергия көздерінің жалпы қуатын 8 ГВт-тан асыруды көздеп отыр. Бұл ұлттық энергия жүйесінің тұрақтылығын арттырып, энергия көздерін әртараптандыруға септігін тигізеді.
Үйдегі интернеттің баяулауы көп жағдайда бір ғана себептен болмайды. Видеоның тұрып қалуы, сайттардың баяу ашылуы немесе байланыс үзіліп кетуі әртүрлі факторлардың белгісі болуы мүмкін.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







