Алматы облысы Балқаш ауданында республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында «Таза Қазақстан экологиялық мәдениет» атты танымдық викторина өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Іс-шараның басты мақсаты тұрғындар арасында, әсіресе жас буынның бойында қоршаған ортаға жанашырлықты арттыру, экологиялық мәдениет пен жауапкершілікті қалыптастыру.
Викторина барысында қатысушылар экология, тұрмыстық қалдықтарды басқару, табиғат қорғау және «Таза Қазақстан» бағдарламасының негізгі бағыттары туралы сұрақтарға жауап берді. Интерактивті форматта өткен бұл шараға аудан тұрғындары белсенді қатысып, қызықты пікірталас орын алды.
Жиынға қатысқан қоғам пікірінің көшбасшысы З.Ж.Демеукулова экологиялық мәдениеттің маңыздылығына ерекше тоқталды:
– Экологиялық мәдениет тек қоршаған ортаның тазалығы ғана емес, әрбір азаматтың күнделікті өмір салтына айналуы тиіс құндылық. Мұндай танымдық іс-шаралар арқылы біз жауапты әрі саналы қоғамды қалыптастырамыз, – деді ол.
Экологиялық мәдениетті дәріптейтін мұндай шаралар алдағы уақытта да аудан аумағында тұрақты түрде өткізіліп тұратын болды. Ұйымдастырушылардың пікірінше, бұл – қоғамдағы экологиялық жауапкершілікті арттырып, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған қадамдардың бірі.
Айтпақшы, кофе ішу гипертонияның (жоғары қан қысымы) пайда болу қаупін арттырмайды екен. Ғалымдар 315 мыңнан астам адамның қатысуымен өткен 13 зерттеудің нәтижесін талдап, осындай қорытындыға келіпті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

