2 сәуірдегі Таразыдағы толған ай көп белгі үшін қарым-қатынас, серіктестік және ішкі тепе-теңдік тақырыбын алға шығарады. Күзден бері қордаланған сезімдер мен шешілмеген мәселелер енді айқынырақ көрініп, кей байланыстар жаңа кезеңге өтуі мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тоқты
Бүгін қарым-қатынасты нығайтуға мүмкіндік туады. Таразыдағы толған ай серіктестікке қатысты тұсты қозғайды. Сол себепті өзіңіз күтпеген эмоция сыртқа шығуы мүмкін. Ұнайтын адамыңызбен сөйлескенде сөзіңізді бақылау қиындауы ғажап емес. Кей жағдайда екінші тарап та қызығушылық танытуы мүмкін. Сонымен бірге сіз үшін маңызды қатынаста бір нәрсе жетіспейтінін анық сезінесіз. Егер көптен бері күрделі әңгімені кейінге ысырып жүрсеңіз, бүгін сол мәселені ашық талқылауға ыңғайлы сәт.
Торпақ
Бүгінгі толған ай салауатты өмір салтына жауап беретін алтыншы үйіңізге түсіп тұр. Бұл көктемге дайындықты бастауға жақсы түрткі болады. Дене күтімін күшейту, тамақтану тәртібін қайта қарау, күн тәртібін реттеу үшін қолайлы кезең. Көптен бері кейінге қалып жүрген шешімді дәл қазір қабылдауға болады. Онлайн-челленджге қосылу, үйде жаттығу бастау немесе диетологпен кеңесу пайдалы болады.
Егіздер
Таразыдағы толған ай сіздің шығармашылық, өзін көрсету және көпшілік алдындағы бейнеңізге жауап беретін бесінші үйді белсендіреді. Бұрын көмескі қалған қырыңыз алға шығуы мүмкін. Ішіңізде жүрген идеяны айтуға, өз ойыңызды жария етуге жақсы уақыт. Алдағы екі аптада махаббат пен романтика саласында да өзгеріс болуы мүмкін. Бірақ Таразы белгісінің табиғатын ескеріп, артық кикілжіңнен аулақ болған жөн. Қатынаста әдейі эмоция іздеп, шиеленіс туғызбаңыз.
Шаян
Үй, отбасы, тұрмыс мәселесі сіз үшін қашан да маңызды. Бүгінгі толған ай сол үй ішіндегі кеңістікке қатысты ойды күшейтеді. Үйді өзгерту, жаңарту, тіпті көшу туралы тілек тууы мүмкін. Бірақ көңіл күй құбылып тұрған шақта асығыс шешім қабылдамаған дұрыс. Жөндеу бастау, орнын ауыстыру сияқты істерді салқынқандылықпен өлшеп-пішіп алған жөн.
Арыстан
Соңғы кезде бір адамның мінезі не көзқарасы сізге түсініксіз болып жүрген болуы мүмкін. Бүгінгі толған ай осы мәселені айқындауға көмектеседі. Әсіресе қарым-қатынасқа қатысты күмән сейілуі ықтимал. Егер арада тепе-теңдік жоғалса, әуелі пікір қайшылығы туындауы мүмкін. Бірақ сол шиеленістен кейін ғана ашық әңгіме жүреді. Сондықтан үнсіздікке тығылмай, қажет болса мәселені тура қозғаңыз.
Бикеш
Таразыдағы толған ай қаржыға қатысты екінші үйіңізді қозғайды. Соның арқасында алдағы екі аптада жаңа мүмкіндік көрінуі мүмкін. Қазіргі экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, кіріс әкелетін ұсыныс не жаңа бағыт шығуы ғажап емес. Сонымен қатар бұл күн бюджетіңізді қайта қарап, қай тұсты қысқартуға болатынын ой елегінен өткізуге жақсы. Қаржыға байыппен қарау керек.
Таразы
Бүгінгі толған ай дәл сіздің белгіңізде өтіп жатыр. Бұл сізді алдыңғы қатарға шығарады. Соңғы алты айда жеткен нәтижелеріңізді мойындап, өзіңіздің мықты тұсыңызды жасырып қалмаңыз. Бұрын батыл қадамға бармай жүрсеңіз, енді өзіңізді ашық көрсетуге мүмкіндік бар. Белсенділік танытсаңыз, ол айналаңызға да әсер етеді. Бұл кезең көшбасшылық қасиетті айқын көрсететін уақыт.
Сарышаян
Бүгінгі толған ай сіздің ішкі әлеміңізді, жасырын ой мен шығармашылық қуатты оятады. Бұрын жылжымай тұрған жобаға серпін берілуі мүмкін. Бір кезеңді аяқтап, жаңа бағытқа бұрылу қажеттігін де анық сезінесіз. Кейбір тығырыққа тірелген жағдайға басқа көзбен қарап, одан шығатын жолды көре бастайсыз. Эмоциялық тазару мен ішкі жаңғыруға ыңғайлы уақыт.
Мерген
Таразыдағы толған ай команда, ортақ іс және технологиямен байланысты тұсты күшейтеді. Айналадағы адамдарды біріктіріп, пайдалы іске жұмылдыруға мүмкіндік бар. Бұл тұрмыстық өзара көмек, ортақ сатып алу немесе онлайн бастама болуы мүмкін. Сонымен қатар цифрлық жоба, қауымдастық не онлайн топ арқылы жаңа табыс көзі ашылуы ықтимал. Тым батыл көрінген ойдан қашпаңыз. Қазір дәл сондай идеялар өсім әкелуі мүмкін.
Тауешкі
Бүгінгі толған ай мансап пен беделге жауап беретін оныншы үйіңізді белсендіреді. Соның арқасында күтпеген, бірақ пайдалы мүмкіндік тууы мүмкін. Жетекшілік қызметке жол ашылуы немесе жұмыста бір саты жоғары көтерілуге жағдай жасалуы ғажап емес. Іскерлік тақырыптағы әңгімелер тек ресми кабинетте ғана емес, бейресми жағдайда да маңызды нәтиже беруі мүмкін. Егер бір адаммен кәсіби үндестік барын сезсеңіз, ой бөлісуге тұрарлық.
Суқұйғыш
Бүгінгі толған ай сіздің ашық ой айту, өзін білдіру және көзқарасты жария етуге жауап беретін тоғызыншы үйіңізді қозғалысқа келтіреді. Сол себепті ішіңіздегі сөзді іште ұстап қалу қиын болуы мүмкін. Егер көптен бері бір маңызды ақпаратты айтқыңыз келіп жүрсе, бүгін соған қолайлы күн. Бірақ әңгіме айтатын адам тыныш, қабылдауға дайын күйде болғаны дұрыс. Сонда сөзіңіз дұрыс жетеді.
Балықтар
Таразыдағы толған ай трансформация мен терең ішкі өзгеріске жауап беретін сегізінші үйіңізге түсіп тұр. Соңғы уақытта өзгеріс керек екенін іштей сезіп жүрген болсаңыз, бүгін сол ойды анық мойындайсыз. Енді өзіңізге күмән қалдырмай, қай бағытқа бет алатыныңызды нақтылап алған дұрыс. Шешім қабылдаған соң, сол жолдан таймай ұстану маңызды.
Айтқандай танымал журналист Ербол Мәндібек Қайрат Нұртасқа биылдан қалдырмай Халық әртісі атағын беру керектігін айтты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







