Қазақстанда жексенбі күні ауа райы тұрақсыз болады. Елдің солтүстік және батыс аймақтарында жауын-шашын күтіледі: жаңбыр жауып, арты қарға ұласуы мүмкін. Оңтүстікте тұман түсу ықтимал, деп жазады Ertenmedia.kz.
Республика бойынша жел күшейіп, көктайғақ болады деп болжанып отыр. «Қазгидромет» Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және барлық облыстарда дауылды ескерту жариялады.
Астана: көшпелі бұлтты, кей уақыттарда жаңбыр және қар аралас жауын жауады, боран, көктайғақ болуы мүмкін. Ауа температурасы түнде −2 0 °C, күндіз 0 +2 °C аралығында болады.
Алматы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы түнде 0 +2 °C, күндіз +14–16 °C.
Шымкент: көшпелі бұлтты, кейде жаңбыр жауып, тұман түседі, ауа температурасы түнде +4–6 °C, күндіз +14–16 °C.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







