«Қазгидромет» 2026 жылғы 2 наурызда еліміздің үш ірі қаласы мен 14 облысында ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Астанада таңертең және күндіз қар жауып, боран соғады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетуі мүмкін.
Алматыда кей уақытта тұман түсіп, көктайғақ болады. Алматымен қатар облыстың солтүстік, оңтүстік және таулы аудандарында да тұман мен көктайғақ күтіледі. Облыстың шығысында, орталық және таулы аймақтарында жел екпіні секундына 18-23 метрге дейін күшейеді. Қонаев қаласында да тұман, көктайғақ күтіліп, күндіз жел екпіні секундына 18-23 метрге жетеді.
Шымкентте түнде аралас жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады. Түркістан облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде жаңбыр мен қар жауып, көктайғақ және боран болжануда. Күндіз облыстың оңтүстігінде жаңбыр, таулы жерлерінде аралас жауын-шашын күтіледі. Облыстың батысы, солтүстігі, оңтүстігі мен таулы өңірлерінде тұман болады. Солтүстік және таулы аудандарда жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Түркістан қаласында түнде және таңертең тұман түседі.
Ақмола облысының батыс, солтүстік және оңтүстік бөлігінде қар жауып, боран соғады. Желдің екпіні облыстың батыс, солтүстік және шығыс бөлігінде секундына 15-20 метрге жетеді. Көкшетауда қар жауып, боран соғып, күндіз жел секундына 15-18 метрге дейін күшейеді.
Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Атырау қаласында да осындай ауа райы күтілуде.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында түнде және таңертең қар жауып, боран соғады. Облыстың батыс, солтүстік және оңтүстік бөліктерінде тұман түседі. Орал қаласында тұман болады.
Ақтөбе облысының солтүстігі мен солтүстік-шығысында жауын-шашын (негізінен қар) жауып, көктайғақ күтілуде. Солтүстік-шығыста жел секундына 15-18 метр жылдамдықпен соғады.
Маңғыстаудың батысы, оңтүстігі мен орталығында түнде және таңертең жолдарда көктайғақ болады. Солтүстік-шығыс пен орталықта тұман түседі. Ақтауда жолдарда көктайғақ күтілуде.
Жетісу облысының оңтүстігі, шығысы, орталығы және таулы аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Шығыс және таулы аудандарда жел секундына 15-20 метр, Алакөл көлдері аймағында 23-28 метрге дейін күшейеді. Талдықорғанда түнде және таңертең тұман болады.
Қар жауып, тұман басады
Қостанай облысында қар жауып, батыс, солтүстік және шығыс бөліктерінде боран соғады, күндіз көктайғақ болады. Облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман күтілуде. Желдің жылдамдығы батыс, солтүстік және шығыс аймақтарда секундына 15-20 метрге жетеді. Қостанай қаласында қар жауып, боран соғады.
Абай облысында Жарма ауданында күндіз жел екпіні секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Павлодар облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз қар жауып, боран соғады. Желдің жылдамдығы осы аймақтарда секундына 15-20 метрге дейін барады.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауып, боран соғады. Облыстың батысында тұман болады. Желдің жылдамдығы батыс пен оңтүстікте секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Петропавлда қар жауып, боран соғады.
Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман түсіп, көктайғақ болады. Қызылорда қаласында да көктайғақ болжанған.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында қар жауып, боран соғады. Тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Түнде таулы аудандарда, күндіз оңтүстік-батыс пен таулы өңірлерде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Таразда тұман түсіп, көктайғақ болады.
«Қазгидромет» осыған дейін Қазақстан бойынша 2 наурызға арналған жалпы ауа райы болжамын жариялаған болатын.
Иранның рухани көшбасшысы аятолла Әли Хаменей АҚШ пен Израильдің бірлескен әскери шабуылынан қаза тапты. Артынша президент Дональд Трамп Тегеранға өте қатаң ескерту жасады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







