Қазақстанда 15 наурызда республикалық референдум өтеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы дауысқа салынады. Азаматтар «2026 жылғы 12 ақпанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасын қабылдайсыз ба?» деген сұраққа жауап береді.
Референдум күні дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін жергілікті уақытпен жұмыс істейді.
Республикалық референдумға қатысушылар тізіміне 12 миллион 461 мың 796 азамат енгізілген.
Өзінің дауыс беру учаскесін іздеу үшін арнайы онлайн сервис іске қосылған. Азаматтар өз учаскесін жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) арқылы келесі сілтемелер бойынша анықтай алады:
https://www.gov.kz/referendum?lang=ru
https://referendum2026.gov.kz/ru
https://referendum.gov.kz/ru
Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев республикалық референдумды 15 наурызда өткізу туралы Жарлыққа қол қойған болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







