7 ақпан күні шешімді әрекеттерге емес, ой қорыту мен жоспар түзуге ыңғайлы күн, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір)
Бүгін Тоқтыға кез келген батыл шешімнен аулақ болу қажет. Ақпараттың жеткіліксіздігі қателікке ұрындыруы мүмкін. Асығыстықтан гөрі, алдағы қадамдарды жоспарлауға күш салған жөн.
Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр)
Бүгін Торпақтың сыншылдық қасиеті оянады. Айналасындағы адамдардың кемшіліктері көзге бірден түседі. Алайда сын айтудан сақтанғаны абзал. Кемшілікті емес, өмірдің кішкентай қуаныштарын байқағаны дұрыс.
Егіздер (21 мамыр – 20 маусым)
Егіздер бүгін маңызды әрі қызықты жаңалықтармен қауышады. Жұлдыздар оларға «көп тыңдап, аз сөйлеуді» ұсынады. Бұл жанжалды жағдайлардан аман өтіп, пайдалы мәлімет алуға мүмкіндік береді.
Шаян (21 маусым – 22 шілде)
Шаянның бүгінгі тура мінезі айналасына жайсыз тиюі мүмкін. Ұсақ-түйекті ашық айтуға бейімділік артады. Осы себептен сөз таластырудан аулақ болып, күнделікті шаруаларға ден қойғаны дұрыс.
Арыстан (23 шілде – 22 тамыз)
Бүгін Арыстан мұқият әрі сергек болуы тиіс. Кез келген мәселені құжатқа қол қойғандай аса сақтықпен қараған жөн. Аңғалдық пен сенгіштік өзіне зиян келтіруі ықтимал.
Бикеш (23 тамыз – 22 қыркүйек)
Бикеш үшін дау-дамайға толы күн болуы ықтимал. Әсіресе мүлікке, ақшаға қатысты даулардан сақ болған абзал. Жұлдыздар дипломатиялық тәсілді таңдап, шиеленісті мәселелерді кейінге қалдыруға кеңес береді.
Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Бүгін Таразы өз пікірін өзгеге мойындатуға тырысады. Дегенмен қатаң әрі талапшыл болудан гөрі, икемді тәсілді таңдаған дұрыс. «Оңашада ескертіп, жұрт алдында мақтау» формуласы тиімді болмақ.
Сарышаян (23 қазан – 21 қараша)
Бүгін Сарышаянның жан-дүниесінде ерекше үйлесім орнайды. Бұл сезім айналасындағы адамдармен тіл табысуды жеңілдетеді. Жұлдыздар жақын адамдармен ашық сөйлесуге, сезімін білдіруге кеңес береді.
Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Бүгін Мерген бұған дейін қалыптасқан пікірінен күрт бас тартуы мүмкін. Жаңа ақпарат оның көзқарасын өзгертеді. Бұрын мызғымас көрінген ұстанымдар күтпеген бағытқа бет бұрады.
Тауешкі (22 желтоқсан – 19 қаңтар)
Бүгін Тауешкі мұқият әрі жинақы болмақ. Жұмысқа бар ынтасымен кіріседі. Алайда адамдармен қарым-қатынаста қиындық туындауы мүмкін. Өз ойына берілген Тауешкі басқалармен тілдесуге құлықсыздау.
Суқұйғыш (20 қаңтар – 18 ақпан)
Жұлдыздар бүгін Суқұйғышқа ескі дүниелерден арылуға кеңес береді. Үйдегі ескі-құсқы заттарды тазарту, қажетсіз сезімдерден, өкпе-реніштен құтылу – өмірге жаңалық пен серпіліс әкеледі.
Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз)
Бүгін Балықтарды адамдармен қарым-қатынас мазалайды. Жанжал, амбиция қақтығыстары жиілейді. Жұлдыздар жеке шаруаларға ден қоюға кеңес береді. Білім алу немесе жеке кәсіпті дамытуда табысқа жету ықтималдығы жоғары.
7 ақпан, сенбі күні еліміздің басым аумағында ауа райы жауын-шашынды болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

