5 сәуір, жексенбі күніне арналған жұлдыз-жорамалды назарларыңызға ұсынамыз. Қай жұлдыз белгісі үшін жаңа мүмкіндік ашылып, кім күтпеген сәттілікке кезігеді?
Ertenmedia.kz танымал жұлдызшы Данияр Әлдиевтің пікірін білді.
Тоқты
Бүгін сәттілік уақытты дұрыс жоспарлағандарға бұйырады. Күннің қарқыны күрт өседі, барлық іске үлгеру қиын. Ең маңыздысын таңдап, басқасын кейінге қалдырған жөн.
Торпақ
Қаржы мәселесіне мұқият болыңыз. Бүгінгі шешімдеріңіз күтпеген табыс әкелмесе де, шығынды азайтып, тиімді сауда жасауыңыз мүмкін. Есеп-қисапты екі рет тексеріңіз.
Егіздер
Бір ғана кездейсоқ сөз өміріңіздегі жағдайды жаңа қырынан көрсетеді. Кеңес, әзіл немесе елеусіз сөздің астарында маңызды кілт бар. Мұқият болыңыз.
Шаян
Өнімсіз іске күш жұмсамаңыз. Шаршағанды сезінсеңіз, денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Демалыс пен өзіңізге күтім жасауға қолайлы күн.
Арыстан
Жағымды мақтау сөз естуіңіз мүмкін, пікіріңізбен санасып, сыйластық танытады. Кездесу, келіссөз, өзін танытуға арналған істерде жолыңыз ашылады.
Бикеш
Ұсақ-түйек шаруаларды аяқтауға өте қолайлы күн. Құжаттар, үй мәселелері мен жазбалар бүгін оңай шешіледі. Кешке жеңілдеп қаласыз.
Таразы
Жақын адамыңызбен арада жылы әрі ашық әңгіме орын алуы мүмкін. Бұрыннан жинақталған өкпе-реніш болса, бүгін соны тарқатып, қарым-қатынасты реттеу оңай болады.
Сарышаян
Өз жоспарыңызға өзгелердің араласуы мүмкін. Ұстанымыңызды байсалды, бірақ батыл жеткізу маңызды. Қаншалықты сабырлы болсаңыз, соншалықты күн сәтті өтеді.
Мерген
Бүгінгі қысқа сұхбат өміріңізге маңызды өзгеріс әкелуі мүмкін. Жаңа идеяны немесе мүмкіндік ұсынатын адаммен кездесу ықтимал. Күтпеген ұсыныстан бас тартпаңыз.
Тауешкі
Қосымша тапсырма алуыңыз мүмкін. Алғашында ынтаңыз болмаса да, дәл осы іс сіздің әрі қарай дамуыңыз үшін қажет. Сабырлық пен жинақылық қажет ететін күн.
Суқұйғыш
Ойыңызға тосын әрі ерекше идея келуі ықтимал. Шығармашылыққа немесе жеке мақсатқа қатысты бұл ойды кешіктірмей жүзеге асыруға тырысыңыз.
Балықтар
Бүгін ішкі түйсігіңіз ерекше дәл жұмыс істейді. Егер күмәнді нәрсе байқасаңыз, бірінші сезіміңізге сеніңіз. Интуиция сізді қателіктен сақтап қалады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







