30 қаңтарға арналған жұлдыз жорамалын шетелдік астрологтар ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Тоқты
Бұл күн қарқынды әрі тынымсыз еңбекпен өтеді. Бірақ сіз жұмсаған күш-қуатыңыздың зая кетпейтіні анық. Қатты шаршаудан кейін демалған дұрыс. Сонымен қатар, бұл кезеңде хирургиялық операциялардан және денсаулыққа зиян келтіруі мүмкін кез келген емдік-косметикалық шаралардан бас тартқан жөн.
Торпақ
Кез келген бәсеке мен жарыстарға құмарлық артады. Мұндай жағдайда спорттық сайыстарға қатыссаңыз, жақсы жетістікке жетуге болады. Алайда жеке қарым-қатынаста мейлінше сабырлы әрі дипломатиялық жолды таңдаған абзал, әйтпесе даудың соңы қарым-қатынастың бұзылуына әкелуі мүмкін.
Егіздер
Бұл күні қауіпті іс-әрекеттерге деген қызығушылық артады. Ниетіңіз бен іс-әрекеттеріңізді бақылауда ұстау қиынға соғады. Өз қажеттілігіңізден бөлек, айналаңыздағы адамдардың мүддесін де ескерген жөн.
Шаян
Күн сізге жаңа әрі керемет мүмкіндіктер ұсынады. Әдеттегі әрі жағымды істермен айналысуға болады. Қиындықтардан қорықпай, батыл әрекет етіңіз. Дегенмен, діттеген мақсатқа жету үшін стандартты емес шешімдерді жиі қолдануға тура келеді.
Арыстан
Бұл күні жаңа жолмен жүруден немесе өзгелердің кеңесінен бас тартып, әдеттегі тәсілдеріңізді қолдануды жөн көресіз. Іске қатты кірісіп кеткен жағдайда, ашушаңдық пен шамадан тыс шаршау болуы мүмкін. Сондықтан кешке қарай демалып, тынығып алған дұрыс.
Бикеш
Жеке қарым-қатынастар қызықты ойынға айналуы мүмкін. Қарым-қатынасты өз қолыңызбен басқарып, жағдайды үйлестіре аласыз. Балаларыңызбен уақыт өткізуге қолайлы күн, өйткені балаңыз сізді шығармашылық тапқырлығымен таң қалдырады.
Таразы
Жасырын бастамалар мен эксперименттерге кіріспеген абзал. Әріптестерден немесе дос санап жүрген адамдардан күтпеген сын мен қарсылыққа тап болуыңыз мүмкін. Сондықтан аса сақ болған жөн.
Сарышаян
Бұл күні адамдармен қарым-қатынастағы тепе-теңдікті сақтау өте маңызды. Бейтаныс адаммен тез арада жақындасып, сенімділік танытудан аулақ болыңыз. Маңызды келісімдерге қол қоймаған дұрыс.
Мерген
Бұл күні жағдайды бақылауда ұстау оңай болмайды. Жеке қарым-қатынаста дау-жанжал туындауы мүмкін. Қаржы мәселесінде де күтпеген шығындарға ұшырау қаупі жоғары. Сондықтан сақ болған жөн.
Тауешкі
Айналаңыздағы адамдармен қарым-қатынас қызықты, бірақ шиеленісті болуы ықтимал. Пікір алмасу кезінде бақталастық туындауы мүмкін. Жаңа істерді бастамас бұрын сабыр сақтаңыз.
Суқұйғыш
Үй шаруасы мен отбасы міндеттері сіздің көп күш-қуатыңызды алуы мүмкін. Әсіресе жаңа міндеттер мен эмоционалдық жағдайлар себебінен шаршауыңыз ықтимал. Ашуланшақтық пен физикалық жарақаттан сақтанған жөн.
Балықтар
Еркіндікке, тәуелсіздік пен шығармашылыққа деген ұмтылысыңыз артады. Балалардың қажеттілігіне назар аударасыз. Махаббат қарым-қатынастары жарқын әрі есте қаларлықтай болады. Жақын қарым-қатынастарды бастау сіздің қолыңызда.
Қазақ эстрадасының жарқын жұлдызы, талғампаз сәнімен, сырлы үнімен көпшіліктің сүйіктісіне айналған Ерке Есмахан Мальдив аралдарынан ерекше фотоларымен бөлісті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

