27 желтоқсан сана мен сезімнің арасына көпір салатын күн. Әр сөз, әр қадам таразыға тартылып, адам ішіндегі шынайы ниет анық көрінеді. Жаңа жыл қарсаңында көңіл күйіңізді тұрақты ұстауға тырысыңыз. Ертеңгі күнге деген сенім мен бүгінгі істің нақты нәтижесін көргіңіз келсе, Ertenmedia.kz ұсынған жұлдыз жорамалға назар салыңыз.
Тоқты
Бүгін бір істі қолға алсаңыз, оны ақырына жеткізгеніңіз дұрыс. Қарқын жақсы, дегенмен асығыстықтан сақтаныңыз. Майда-шүйдеге мән беру маңызды ұсақ нәрседен қате кетуі мүмкін. Біреу кеңес берсе, бас тартпаңыз, бұл пайдалы болуы ықтимал. Кешке қарай бір мәселенің анық шешілгеніне көзіңіз жетеді.
Торпақ
Бүгінгі күннің олжасы аралас-құралас. Кездейсоқ әңгімеден күтпеген жақсы хабар келуі мүмкін. Ақша мәселесін ойлап жүрсеңіз, қағаз бен қаламды қолға алып, есепке кіріскен дұрыс. Сауда мен келіссөзде сөзіңіз өткір. Ойыңызды ірікпей, ақырындап айтсаңыз, өзіңізге де, айналаңызға да жайлы.
Егіздер
Бүгін соңғы уақытта жиналған ақпаратты саралайтын күн. Телефондағы хабарламаларға көз салыңыз ұмыт қалған маңызды дүниені тауып қалуыңыз ықтимал. Әлеуметтік желідегі ақпаратты бірден қабылдамай, тексеріп алыңыз. Жаңа жылдық жоспар құрар алдында өзіңізге шынайы сұрақ қойып, шынайы жауап күтіңіз.
Шаян
Бүгін сізге ең қажетті дүние ішкі тыныштық. Отбасымен бірге шәй ішіп отырып айтылған әңгіме ерекше әсер қалдырады. Жақын адамыңызбен ашық сөйлессеңіз, көптен жиналған ойдың түйіні шешіледі. Айтылмаған сөзден айтылған сөздің салмағы аз болады. Бүгін айтылған әңгіме ертеңгі күннің жақсы шешімдеріне негіз болмақ.
Арыстан
Шабыт келіп, ойыңызға тың идея түседі. Оны бірден жария қылмай, нақты іске айналдыруға тырысыңыз. Сынды сабырмен қабылдап, өз пайдаңызға жаратыңыз. Дау-дамайдан аулақ болыңыз, уақытты үнемдейсіз. Кешке көңіліңіз жайланып, бойыңызда бір ерекше сенім пайда болады.
Бикеш
Бүгін жоспар мен тәртіптің пайдасын анық сезінесіз. Құжат, күнтізбе және есеп жүргізуге қолайлы уақыт. Жұмысыңызды уақытылы аяқтап, алаңсыз демалуға мүмкіндік бар. Барлық істің негізі бүгінгі тиянақтылығыңызда. Кешкі мезгілде ішкі күйіңіз де, сыртқы жағдайыңыз да реттеледі.
Таразы
Сөйлесу, байланыс орнату сізге үлкен мүмкіндік әкеледі. Күнделікті әңгімеден маңызды ұсыныстар тууы мүмкін. Біреуді мұқият тыңдап үйреніңіз бүгін соның пайдасын көресіз. Өз сөзіңізді де асықпай, байыппен жеткізгеніңіз жөн. Бір пайдалы келісімнің бастауына негіз қалануы ықтимал.
Сарышаян
Бүгінгі күн ішкі есеп пен нақты шешімдер кезеңі. Жұмыс пен ақша туралы мәселені жүйелеп алыңыз. Бұрын кейінге қалдырған мәселе алдыңыздан қайта шығады. Тыныш әрекет етсеңіз, нәтиже де соған сәйкес болады. Сабыр сақтап, жүйкеңізді тоздырмай істеген ісіңіз үлкен пайда әкеледі.
Мерген
Бүгін сіз үшін жаңа ақпарат пен жаңа мүмкіндіктердің есігі ашылады. Пайдалы телефон қоңырауы немесе мессенджерге маңызды хабар түсуі мүмкін. Үйренуден, білуден қашпаңыз, ертең жемісін жейсіз. Досыңыз берген кеңес күтпеген жерден жол ашады. Бүгінгі білгеніңіз ертеңгі табысыңыздың кілті болмақ.
Тауешкі
Бүгін күн тәртібін айқын анықтасаңыз, алдағы апта тыныш әрі жайлы өтеді. Ұсақ-түйек шаруаларды бүгін бітірген дұрыс, кейін мазаламайды. Жаңа жыл қарсаңында артық әуре-сарсаңнан арылуға мүмкіндік бар. Практикалық ойлап, шешім қабылдасаңыз, бәрі оңай шешіледі. Өз тұрақтылығыңыз өзіңізге деген сенімді арттырады.
Суқұйғыш
Адамдармен сөйлесуден тартынбаңыз бүгінгі байланыс сізге үлкен пайда әкеледі. Ерекше ойыңыз болса, ашық айтыңыз. Шынайылық пен қарапайымдылық сіздің сөзіңізді өтімді етеді. Жаңа таныстық келешекте жақсы жобаның негізін қалауы мүмкін. Қоғамнан шеттемей, ортаның ішінде болғаныңыз абзал.
Балықтар
Бүгінгі көңіл-күйіңіз сіздің бүкіл күнгі әрекетіңізді айқындайды. Өз жүрегіңізді тыңдаңыз, басқаның сөзіне ермеңіз. Біреуге жылы сөз арнау өзіңізді де жеңілдетеді. Шынайы қарым-қатынас ішкі тыныштыққа жетелейді. Артық эмоциясыз, драмасыз айтылған шынайы сөз көптеген мәселенің шешіміне айналады.

