Үкімет жаңа Салық кодексін енгізу бойынша құрылған жобалық кеңседе 60 мәселені қарастырып, бірнеше маңызды түзетулер дайындады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Денсаулық сақтау саласында маңызды өзгеріс: сирек кездесетін және әлеуметтік маңызы жоғары дәрілерді импорттау кезінде қосылған құн салығын (ҚҚС) алып тастау аяқталуға жақын. Биыл ақпанда Денсаулық сақтау министрлігі дәрілер мен медициналық бұйымдардың шекті бағасын ҚҚС-сыз бекіткен болатын.
Өнеркәсіп және құрылыс, энергетика, қаржы министрліктері, Табиғи монополияларды реттеу комитеті мен «Самұрық-Қазына» қоры мемлекеттік сатып алулар ережесін өзгертуді пысықтап жатыр. Өзгеріс жеңілдетілген декларация арқылы жұмыс істейтін кәсіпкерлерден тауар мен қызметтер сатып алуға қатысты болмақ. Мақсат заң талаптарын сақтау, өндіріске қолдау көрсету және квазимемлекеттік компаниялардың шығындарын арттырмай, әділ бәсекелестік ортаны сақтау.
Ұлттық экономика министрлігі аталған өзгерістерді әзірлеудің бірыңғай әдістемелік негізін қалыптастырды.
Жедел шешімін тапқан басқа мәселелер салық режимдерін ауыстыру, ИСНА жүйесінің жұмысы, қаржы секторын реттеу және жалпы салық әкімшілендіруі.
Салық кодексіне нақты енгізілетін өзгерістер тізімі мынадай
- Бір жыл ішінде мүгедектік тобы өзгерген азаматтардың жеке табыс салығы бойынша жеңілдіктерін нақтылау. Жыл ішінде өзгеріс болса, ең жоғары жеңілдік – 5000 АЕК мөлшерінде қолданылады.
- Несие, займ және микронесиелер бойынша сыйақыларға электронды шот-фактура (ЭСФ) беру талабын жою. Бұл өзгеріс ретроспективті түрде 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
- Әлеуметтік төлемдер, әлеуметтік төлемдер бойынша қарыздар және кейбір тіркеу деректерін салық құпиясына жатқызбау. Өзгеріс цифрлық әкімшілендіруді жетілдіріп, әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын жеңілдетеді.
- Әуе көлігіне арналған жанармайды импорттағанда ҚҚС-тан босату тәртібін нақтылау. Қазіргі редакцияда дипломатиялық өкілдіктердің растауы талап етілетіндей түсініспеушілік бар.
- Энергетикалық сусындарды экспорттағанда акцизден босату. Мұндай механизм мұнай өнімдеріне қолданылып жүр.
- Пайдалы қазбаларды өндіру салығын (НДПИ) төлеу тәртібін өзгерту. Бюджет кодексі салықты өндіру орны бойынша төлеуді қарастырса, Салық кодексі – компанияның тіркелген жері бойынша көрсетеді. Енді екі заңнаманы сәйкестендіру ұсынылып отыр.
Ең қызығы, бұған дейін Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өзін «жаңа салық реформасының әкесі» деп атаған болатын. Шендінің қымбатшылық болмайды деген болжамы орындалмай, жаңа жыл бастала саласымен барлық жерде баға күрт көтеріліп жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







