Қазақ қоғамында әнші-әртістердің өмірі үнемі ел аузында жүретіні жасырын емес. Бірде жұлдызын жағып, атағын аспандатса, енді бірде керісінше, олардың жігерін жасытып, көңіліне көлеңке түсіретіні рас, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Белгілі актриса Дариға Бадықова да соңғы уақытта осының бәрін бастан өткерді. Дегенмен, жұрттың сөзіне қаймықпаған ол бір жылдың ішінде табандылық танытып, қатарынан үш фильм түсіріп, өзінің нағыз шығармашылық әлеуетін көрсетті.
Бүгін актриса әлеуметтік желідегі парақшасында: «Басқаның сөзіне мән беріп қайтемін? Сені жақсы көретін көрерменің бар емес пе дегенде кәдімгідей ойланып қаламын. Солардың ықыласынан қуат аламын», – деп ағынан жарылды.
Иә, әртістің ең үлкен тірегі де, тілекшісі де көрермен ғой. Дариғаның көрермені көбейе берсін. Оның жасап жүргені қазақы контент, ана тіліміздің мәртебесін көтеріп жүрген еңбек. Мұның бәрі біздің қоғам үшін аса маңызды.
Бүгін сезім мен эмоция екінші орынға шығып, логикалық ой мен есепке жүгінуге тура келеді. Жұлдызшылардың айтуынша, күн ұзақ мерзімді жоспар жасауға, қаржылық мәселелерді шешуге, құжаттармен жұмыс істеуге өте қолайлы.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

