Жаңа оқу жылына 77 мыңнан аса білім гранты бөлінді. Бөлінген гранттың басым бөлігі, шамамен 60 пайызы техникалық мамандарды даярлауға жұмсалады деп жазады Ertenmedia.
Педагогика саласына 20 пайызы бағытталса, қалған 20 пайыз өзге сұраныстағы мамандықтарға тиесілі.
Грант конкурсына биыл 113 мыңға тарта өтініш келіп түскен.
Талапкерлердің көбі педагогика, инженерлік-құрылыс және ақпараттық-коммуникациялық технология мамандықтарын таңдаған.
Грант иегерлерінің есімі ертең, яғни 7 тамыз күні белгілі болады. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады:
«Мемлекеттік білім гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы жаңа ғана мәресіне жетті. Ертең көпшілік асыға күткен грант иегерлерінің тізімін жариялаймыз», – деді министр.
Грант иегерлерінің толық тізімі бірден бірнеше ресми платформада жарияланады:
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбектің ресми ресурстары:
https://t.me/SayasatNurbek
https://www.facebook.com/sayasat
https://www.instagram.com/sayasatnurbek/
https://sayasatnurbek.com/
Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми парақшалары:
https://www.gov.kz/memleket/entities/sci?lang=kk
https://t.me/gylym_jogary_bilim
https://www.facebook.com/gylym.jogarybilim
https://www.instagram.com/gylym_jogarybilim/
Ұлттық тестілеу орталығының ресми парақшалары:
https://t.me/uto92
https://www.instagram.com/testcenterkz/
https://www.facebook.com/testcenterkz