Бүгін, 12 сәуір күні Қазақстанның үш мегаполисінде күн ашық әрі жылы болады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Астанада күн аздап бұлттанады, күндіз ауа температурасы +16 градусқа дейін көтеріліп, түнде +4 градусқа дейін төмендейді. Желдің екпіні секундына 4,5 метр шамасында.
Алматыда аспан ашық, күндізгі уақытта сынап бағаны +19 градусқа жетсе, түнде ауа салқындап, +9 градусқа төмендейді. Жел жылдамдығы – 3,0 м/с.
Шымкентте күн бұлтсыз әрі жайлы, күндізгі уақытта +24 градусқа дейін жылы болады. Түнгі температура +11 градус шамасында сақталады. Жел екпіні секундына 2,7 метрді құрайды.
Айта кетелік, бұған дейін сәуірдің соңына дейін төленуі тиіс салық туралы мәлімет берген болатынбыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







