14 ақпан күні Алматы мен Шымкентте жауын-шашын болып, күн райы құбылмалы сипат алмақ деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Қазгидромет мәліметінше Алматыда бүгін жаңбыр аралас қар жауып, күн суытады. Күндіз ауа температурасы 1 градус жылылықты көрсетсе, түнде сынап бағанасы -6 градусқа дейін төмендейді. Жел екпіні секундына 2,2 метр шамасында.
Шымкентте де күн райы жауын-шашынды болады. Күндіз 11 градусқа дейін жылынса, түнгі мезгілде 3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 3,5 метр.
Астанада аспан аз бұлтты болғанымен, аяз күшейеді. Күндіз ауа температурасы -8 градус болса, түнде күрт суытып, -26 градусқа дейін жетеді. Жел жылдамдығы секундына 3 метрді құрайды. Сақ болыңыздар!
Айта кетелік, бұған дейін біз 2026 жылы қазақтарды күтіп тұрған тосын өзгерістер туралы жазғанбыз.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

