Астрологтар 15 наурызға арналған күнделікті жұлдыз жорамалын ұсынды. Бүгінгі күн сәтті болуы үшін өз мүмкіндігіңізді дұрыс пайдаланып, эмоцияларыңызды бақылауда ұстағаныңыз жөн, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тоқты
Жұлдыздар жағымсыз жағдайлардан аулақ болып, эмоцияға берілмеуге кеңес береді. Көңіліңізді түсіретін адамдарға ренжімей, басты мақсатыңызға ғана көңіл бөліңіз.
Торпақ
Денсаулығыңызға ерекше мән беріңіз, әсіресе қан қысымын қадағалаған дұрыс. Жұмыста да, үйдегі жағдай да тұрақты, бәрі жоспар бойынша өтеді.
Егіздер
Апта бойы болуы мүмкін келеңсіздіктерге бола уайымға салынбаңыз. Денсаулығыңызды күтіп, бос уақытыңызды сүйікті ісіңізге арнаңыз. Эмоцияға берілмеңіз.
Шаян
Жұмыс пен шығармашылық саласында жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Коммуникациялық қабілетіңіз бен оптимизміңіз жеке тұлға ретінде дамуға септігін тигізеді. Физикалық белсенділікті арттырып, денсаулыққа көңіл бөлетін сәт туды.
Арыстан
Өзіңізді шаршатпай, қуатыңызды қалпына келтіруге уақыт табыңыз. Өміріңіздегі қарқынды кезеңге шағым айтпаңыз, оны жаңа мүмкіндіктер кезеңі ретінде қабылдаған дұрыс.
Бикеш
Бұл күні қаржылық және іскерлік мәселелерді кейінге қалдырған дұрыс. Денсаулығыңыз сыр берсе, дәрігерге қаралыңыз. Уақытыңызды күш-қуатыңызды қалпына келтіруге арнаңыз.
Таразы
Қате шешім қабылдасаңыз, алдағы уақытта қиындыққа ұшырауыңыз мүмкін. Кешіңіз қалыпты өтеді, күтпеген қонақтар келуі ықтимал. Демалысты жоспарлауға өте қолайлы күн.
Сарышаян
Өмір салтыңыз бен тамақтануыңызға ерекше назар аударыңыз. Спортпен айналысып, күш жинаңыз. Қымбат сауда жасамаған жөн, ал демалысыңызды жоспарлауға өте сәтті кезең.
Мерген
Бүгін басыңызға мазасыз ойлар келуі мүмкін. Үйде қалып, жақсылап демалғаныңыз жөн. Кәсібіңізді ауыстыратын мүмкіндік туады.
Тауешкі
Спортпен айналысуға және шығармашылық жұмыстарға арналған тамаша күн. Кешкі уақытыңызды тыныштықта, жалғыз өткізген абзал. Мазалаған мәселелерді ойланып, шешім қабылдауға қолайлы кезең.
Суқұйғыш
Жүрегіңізге сеніңіз, ол сізге дұрыс бағытты көрсетеді. Егер өзіңізге сенбесеңіз, уақытыңыз текке кетеді. Кез келген мақсатқа жете аласыз, тек өзіңізге сенім артыңыз.
Балықтар
Бүгінгі күніңізді пайдалы істерге арнаңыз. Күнделікті күйбең тіршілікке уақытыңызды ысырап етпеңіз. Ұзақ уақыт бойы кейінге қалдырған маңызды шаруаларды қолға алуға дәл осы күні күш-қуатыңыз жеткілікті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







