2026 жылы қазақтар мерекеге байланысты бірнеше рет ұзақ демалады. Сондай-ақ, кейбір мерекелік күндер басқа күнге ауыстырылып, қосымша демалыс беріледі, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Жаңа жыл 1–2 қаңтарда қатарынан екі күн тойланады.
Халықаралық әйелдер күні жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс дүйсенбіге, яғни 9 наурызға ауысады.
Наурыз мейрамы кезінде де демалыс ұзарады. 21–23 наурыз күндеріне қоса, сенбі-жексенбі күнгі демалыстар 24–25 наурызға шегеріледі.
1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні. 7 мамыр – Отан қорғаушы күні. Жеңіс күні сенбіге тұспа-тұс келгендіктен, демалыс дүйсенбі, 11 мамырға ауыстырылады.
6 шілде – Астана күні.
Конституция күні жексенбіге келгендіктен, қосымша демалыс дүйсенбі, 31 тамызға беріледі. Республика күні де жексенбіге сәйкес келіп, демалыс дүйсенбі, 26 қазанға ауыстырылады.
Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан.
Діни мерекелер ішінде Құрбан айттың алғашқы күні (27 мамыр) мен православтардың Рождествосы (7 қаңтар) тұрақты демалыс саналады. Оларға ауыстыру жүрмейді.
Қазақстанда демалыс күндерінің осылай ауыстырылуы Еңбек кодексінің 85-бабы, 3-тармағы бойынша реттеледі. Мұндағы мақсат халықтың жұмыс пен демалысын тиімді ұйымдастыру. Биылғы ұзақ демалыстар саяхатқа шығып, отбасымен бірге уақыт өткізуге қолайлы мүмкіндік. Ендеше, күнтізбені сақтап, демалысыңызды ертерек жоспарлаңыз.
Бұған дейін біз 2026 жылы қазақтарды күтіп тұрған тосын өзгерістерге шолу жасаған едік.

