Ел аумағында алдағы тәуліктерде ауа райы күрт құбылып, бірқатар өңірде қолайсыз метеожағдай қалыптасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Солтүстік аймақтарда қатты аяз күшейіп, тұман түсіп, жолдарда көктайғақ болады. Орталық өңірлерде ауаның бұлттылығы құбылып, кей жерлерде тұман мен көктайғақ күтіледі, күндізгі аяз сәл әлсірейді. Батыста аспан бұлтты болып, жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсуі мүмкін, жел күшейіп, көктайғақ байқалады. Оңтүстікте жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, күндіз ауа температурасы плюстік мәнде болады. Шығыста да бұлттылық құбылып, түнде кей жерде аздаған қар жауып, аяз сақталады.
Қалалардағы жағдай
Астанада түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, жолдарда көктайғақ байқалады, түнде ауа температурасы 28–30 градус аязға дейін төмендеп, күндіз 21–23 градус аяз шамасында болады.
Алматыда жауын-шашынсыз, түнде 0–2 градус аяз, күндіз 3–5 градус жылы. Шымкент пен Түркістанда жауын-шашын күтілмейді, түнде 1–3 градус жылы, күндіз тиісінше 12–14 және 11–13 градус жылы.
Қонаевта түнде және таңертең тұман түсіп, түнде 5–7 градус аяз, күндіз 1–3 градус жылы. Талдықорғанда түнгі уақытта 6–8 градус аяз, күндіз 2–4 градус аяз шамасында сақталады.
Қызылордада түнде 0–2 градус аяз, күндіз 0–2 градус жылы. Таразда түнде 2–4 градус аяз, күндіз 6–8 градус жылы.
Ақтауда бұлтты ауа райы сақталып, жаңбыр мен қар жауып, жел күшейеді, ауа температурасы тәулік бойы 1–3 градус жылы.
Атырауда түнде және күндіз жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын түсіп, тұман мен көктайғақ күтіледі, ауа температурасы 0–2 градус аяз.
Оралда түнгі және таңғы уақытта тұман түсіп, тәулік бойы 7–9 градус аяз болады. Ақтөбеде бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы 10–12 градус аяз шамасында.
Қарағандыда түнде 25–27 градус аяз, күндіз 16–18 градус аяз сақталып, жел күшейеді. Жезқазғанда көктайғақ пен тұман байқалып, түнде 10–12 градус аяз, күндіз 6–8 градус аяз болады.
Қостанайда түнде 27–29 градус аяз, күндіз 23–25 градус аяз күтіледі. Көкшетау мен Петропавлда аяз күшейіп, түнде 33–35 градусқа дейін төмендеп, күндіз 26–30 градус аяз шамасында болады.
Павлодарда түнде 32–34 градус аяз, күндіз 26–28 градус аяз. Семейде түнгі температура 21–23 градус аяз, күндіз 19–21 градус аяз. Өскеменде түнде аздаған қар жауып, ауа температурасы тәулік бойы 18–20 градус аяз шамасында сақталады.
Айта кетейік, бұған дейін «Қазгидромет» елдің басым бөлігінде дауылды ескерту жариялаған болатын. Қолайсыз ауа райына байланысты тұрғындарға сақтық шараларын күшейту ұсынылады.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2026 жылға арналған діни күндер күнтізбесін жариялады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

