Bloomberg-тің 500 миллиардерінің тізімі жаңарды. Ішінде Қазақстаннан бір адам бар, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Bloomberg миллиардерлерінің индексі — әлемдегі ең бай адамдардың күнделікті рейтингі. Ол 2012 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді. Индекс күн сайын Нью-Йорктегі сауда-саттық жабылған кезде жаңартылып отырады.
Рейтингке сәйкес 8 қаңтардағы ақпарат бойынша әлемдегі ең бай адам — америкалық миллиардер Илон Маск. Оның байлығы 426 миллиард долларға бағаланады. Екінші орында — Amazon иесі Джефф Безос, оның байлығы 241 миллиард доллар болады. Үшінші орында Facebook желісінің, Мeta компаниясының негізін қалаушы Марк Цукерберг тұр, оның активтері 218 миллиард долларға бағаланады.
Әлемдегі ең бай он адамның қатарына америкалық кәсіпкер Ларри Эллисон, француз миллиардері Бернард Арно, Google-дің негізін қалаушылардың бірі Ларри Пейдж серіктесі Сергей Бринмен бірге, Microsoft-тың бұрынғы ірі акционері Билл Гейтс, Microsoft-тың бұрынғы директоры Стив Балмер және инвестор Уоррен Баффет кіреді.
Рейтингтегі елдер арасында 190 долларлық миллиардері бар АҚШ көш бастап тұр. Сондай-ақ рейтингте Қытай, Үндістан және Ресейдің
Рейтингте Қазақстаннан жалғыз адам бар, ол — Владимир Ким, миллиардер 415-орында тұр.
Bloomberg рейтингі Владимир Кимнің байлығын 7,11 миллиард долларға бағалайды. Биыл жыл басынан бері ол 53,8 миллион долларға, ал кейінгі тәулікте 15,9 миллион долларға өсті.
Америкалық басылымның мәліметінде Владимир Ким Қазақстан мен Қырғызстанда ашық тәсілмен мыс өндіру компаниясының, яғни Kaz Minerals-тың директоры және бұрынғы төрағасы екені айтылады.