Қазақстанның барлық өңірінде ауа температурасы шамалы көтеріледі. Бейсенбі, 8 қазанға арналған Қазақстанның барлық аумағы бойынша ауа райы болжамын «Қазгидромет» сайты ұсынды, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Мегаполистердегі ауа райы
Астанада көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады, жел секундына 9–14 метр, екпіні 15–20, кей уақытта 23 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +11…+13°C шамасында болады.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел жылдамдығы 3–8 м/с. Ауа температурасы түнде +7…+9°C, күндіз +17…+19°C көрсетеді.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашын күтілмейді, жел 7–12 м/с. Түнде сынап бағанасы +6…+8°C, күндіз +21…+23°C деңгейінде сақталады.
Синоптиктердің болжамынша, елдің оңтүстігі мен батысында күн жылы әрі ашық болса, солтүстік, орталық және шығыс аймақтарда жаңбыр жауып, қатты екпінді жел соғады.
Өңірлерде күтілетін ауа райы
Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +13…+15°C, күндіз +21…+23°C.
Ақтөбеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7–12, екпіні 15–18 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +16…+18°C.
Атырауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 3–8 м/с. Температура түнде +10…+12°C, күндіз +22…+24°C болады.
Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9–14, екпіні 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +8…+10°C, күндіз +17…+19°C.
Қарағандыда көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады, жел 9–14, екпіні 15–20 м/с. Температура түнде +4…+6°C, күндіз +9…+11°C.
Көкшетауда көшпелі бұлтты, жаңбыр, жел 15–20, екпіні 23 м/с дейін. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +8…+10°C.
Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Сынап бағанасы түнде +5…+7°C, күндіз +19…+21°C көрсетеді.
Қостанайда бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 15–20 м/с. Температура түнде +5…+7°C, күндіз +12…+14°C.
Қызылордада ашық, жауын-шашын күтілмейді, жел 9–14 м/с. Түнде ауа температурасы +7…+9°C, күндіз +22…+24°C.
Павлодарда көшпелі бұлтты, жаңбыр, жел 15–20 м/с. Ауа температурасы түнде +3…+5°C, күндіз +10…+12°C болады.
Петропавлда бұлтты, жаңбыр жауады, жел 15–20, екпіні 23–28 м/с. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +8…+10°C.
Семейде көшпелі бұлтты, жаңбыр, жел 7–12, екпіні 15–18, кей уақытта 23 м/с дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +5…+7°C, күндіз +11…+13°C.
Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 5–10 м/с. Ауа температурасы түнде +1…+3°C, күндіз +18…+20°C.
Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашын күтілмейді, жел 9–14 м/с. Түнде +5…+7°C, күндіз +19…+21°C.
Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 7–12 м/с. Ауа температурасы түнде +6…+8°C, күндіз +21…+23°C.
Оралда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, жел 9–14 м/с. Температура түнде +6…+8°C, күндіз +17…+19°C.
Өскеменде көшпелі бұлтты, жаңбыр жауады, жел 7–12, екпіні 15–20, кей уақытта 23 м/с дейін соғады. Ауа температурасы түнде +2…+4°C, күндіз +11…+13°C деңгейінде болады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!






