Прокурорлар Жетісу облысындағы білім саласындағы сыбайлас жемқорлықты әшкереледі, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Жетісу облысы Кербұлақ ауданының прокуратурасы білім бөлімі бухгалтерлерінің бюджет қаражатын ұрлау дерегін анықтады.
2021-2023 жылдар аралығында білім бөлімінің үш бухгалтері білім бөлімінде жұмыс істемейтін адамдарға заңсыз жалақы мен еңбек демалысы жәрдемақысын аударған.
Келтірілген шығын 34 млн теңге болады.
Осы факті бойынша облыс прокуратурасы тергеу жүргізіп, нәтижесінде Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-бөлігі 2-тармағы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.
«Сот үкімімен бухгалтерлер Қылмыстық кодекстің 63-бабы (шартты түрде соттау) бойынша 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындаумен кінәлі деп танылды, келтірілген залал мемлекет кірісіне толық көлемде өтелді», — деп жазылған хабарламада.