Әлеуметтік желіде Астана әуежайындағы Путинге қатысты баннер қызу талқыланып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz Курсив басылымына сілтеп.
Басылым дерегінше, елорданың әуежайында Путиннің келуіне орай «Ресей Федерациясының президенті, жоғары мәртебелі Владимир Путин мырза, Астанаға қош келдіңіз» деген баннер ілінген. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Путиннің сапарының ресми емес, мемлекеттік мәртебесі бар сапар екенін хабарлады, яғни бұл хаттама бойынша жүзеге асады.
Журналист Сырым Итқұлов Telegram-да Путиннің Астанаға келуіне орай бүкіл қалада Ресейдің туы ілінгенін, ал әуежайда оның суреті мен «жоғары мәртебелі Владимир Путин мырза, Астанаға қош келдіңіз!» деген жазу пайда болғанын айтты.
СІМ мәліметінше, бұл тіркес сапар мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты қолданылған.
«Мемлекеттік сапар — ең жоғары деңгей», — деп түсіндірген ведомство өкілдері.
Мұндай хаттама тек Қазақстанда емес, жалпы халықаралық қатынастарда да қолданылады. Бұл туралы саясаттанушы Ғазиз Әбішев айтты.
Мысалы, Ресейге барған кезде Беларусь президенті Александр Лукашенкоға да «жоғары мәртебелі» деген тіркес қолданылған.