Ақтауда апатқа ұшыраған Azerbaijan Airlines авиакомпаниясының ұшағында басқару жүйелері, биіктік рөлдері мен элерондар істен шыққан. Бұл туралы Маңғыстау облысында өткен брифингте Қазақстанның көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Ведомство басшысының айтуынша, ұшақтың диспетчерінен алғашқы сигнал сағат 10: 43-те түскен.
«№8243 рейсін орындаған Embraer әуе кемесі Грозный қаласынан қосалқы әуеайлаққа кірді. Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне кіргенге дейін әуе кемесінде басқару жүйелері, биіктік рөлдері мен элерондар істен шыққан», — деді Қарабаев.
Көлік министрлігі басшысының сөзсінше, экипаждың бағыт пен биіктікке тұрақты түрде төтеп беруге мүмкіндігі болмаған.
Ұшақ Қазақстан Республикасының әуе кеңістігіне кіргенге дейін әуежайдың авариялық қызметтері ұшақты қабылдауға дайын болғаны айтылды,
25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар рейсі қатты тұманға байланысты Грозныйға қона алмаған, алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға бағытталған.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің кейінгі мәліметі бойынша аман қалған 29 адам бар, оның ішінде 2-еуі — бала, олар ауруханаға жеткізілді.
Апаттан 6 қазақстандық көз жұмды.