Астанада полиция қылмыстық топты ұстады. Оның құрамында бірнеше рет сотталған криминалитет өкілдері болған. Олар бірқатар ауыр қылмыс жасады деген күдікке ілініп отыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.
ІІМ мәліметінше, эпизодтардың бірінде олар қорқыту және зорлық-зомбылық қолдану арқылы жергілікті тұрғыннан 5 млн теңге сомасында қаражат және Тоуота маркалы жол талғамайтын көлікті иемденген.
Тағы бір жағдайда банктердің бірінің іргелес аумағында 6 млн теңгені ашық түрде тонап кеткен.
Қылмыстық топтың қатысушылары қамауға алынды. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқықбұзушылықтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.
«Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау деректері бойынша жүргізіліп жатыр», — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.