Мәжілістің жұмыс тобы Үкіметке ҚҚС-тың жаңа шегін белгілеу жөнінде қарсы ұсыныс жолдаған, — деп хабарлайды Ertenmedia.kz
20 ақпанда Салық кодексі жобасына түзетулер Парламентке енгізілді.
Ол ҚҚС бойынша міндетті тіркеу есебіне қою үшін шекті 20 мың АЕК-тен (78,6 миллион теңге) 3 800 АЕК-ке (15 миллион теңге) дейін төмендетуді көздейді.
Депутат Азат Перуашев бұған дейін мұнымен келіспеді. Оның сөзінше, қазақстандықтар бұдан былай шағын бизнеспен айналысқысы келмей қалады.
«Бүгін Мәжілістің жұмыс тобы Үкіметтің шекті 3800 АЕК (15 миллион теңге) деңгейіне дейін төмендету туралы ұсынысына жауап ретінде енгізілген ҚҚС шекті мәнін 20 мың АЕК (78 миллион теңге) деңгейінде белгілеу туралы «Ақ жол» фракциясының түзетуін Үкіметтің талқылауына ұсынды», — деді ол.