Қазақстан қор биржасында (KASE) 6 наурызда сағат 15:30-да шетел валюталары бойынша күндізгі сауда-саттық тоқтатылды. Оның қорытындысы бойынша 1 АҚШ долларының орташа бағамы 495,95 теңге болып, бір тәулікте тағы 0,71 теңгеге аздап арзандады, деп хабарлайды ErtenMedia.
Мұнайдың әлемдік нарықтағы бағасы үшінші күн қатарынан құлдырап жатыр.
ICE Futures электрон сауда биржасында Brent маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,13%-ға төмендеп, 1 баррелі 69,21 доллар болды.
NYMEX электрон сауда биржасында WTI маркалы мұнайдың сәуір фьючерстерінің құны 0,5%-ға арзандап, 1 баррелі 66,28 доллар болды.
Таңертең Ұлттық банк бекіткен 1 АҚШ долларының ресми бағамы 496,71 теңге болған еді.
6 наурызда ақша айырбастау орындарындағы валюта бағамдары мынадай:
Астана
- 1 АҚШ доллары: сату – 494 теңге, сатып алу – 500 теңге.
- 1 еуро: сату – 527 теңге, сатып алу – 534 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,6 теңге, сатып алу — 5,7 теңге.
Алматы
- 1 АҚШ доллары: сату — 495,9 теңге, сатып алу – 498,9 теңге.
- 1 еуро: сату – 528,5 теңге, сатып алу – 534,5 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,45 теңге, сатып алу — 5,59 теңге.
Шымкент
- 1 АҚШ доллары: сату – 495 теңге, сатып алу – 498 теңге.
- 1 еуро: сату – 528 теңге, сатып алу – 537 теңге.
- 1 рубль: сату – 5,6 теңге, сатып алу — 5,7 теңге.