Лондонда орналасқан CNN International арнасының тәжірибелі тілшісі және жүргізушісі Макс Фостер Астанаға келмекші. Ол 2005 жылдан бері CNN-де қызмет етіп, қазір «CNN Newsroom» бағдарламасын жүргізіп жүрген танымал телемаман. Сондай-ақ, жақында экранға шыққан «What We Know with Max Foster» атты жаңа жаңалықтар бағдарламаны да жүргізетінін айта кетуіміз керек.
Фостердің журналистикадағы мансабы 1990-жылдары BBC-де басталды, онда ол бизнес-репортер және жүргізуші ретінде жұмыс істеген-ді. Бұдан басқа Азиядағы қаржылық дағдарыс сияқты ірі оқиғаларды жариялап, BBC Breakfast және BBC World сияқты бағдарламаларда қызмет атқарды.
Фостер сұхбат аулыдың да қас шебері. Ол Дональд Трамп, Стив Джобс, Билл Гейтс, Тейлор Свифт сынды танымал тұлғалар әңгіме-дүкен құрғанын жақсы білеміз. Макс Фостер CNN Academy арқылы жас журналистерге тәлімгерлік етіп, халықаралық конференцияларда модераторлық қызметті де атқарып жүргенін білеміз. Таяуда ол Қазақстанға келетінін тілге тиек етті.
– Мен Лондонда орналасқан CNN арнасының тілшісі әрі «Біз не білеміз» атты бағдарламаның жүргізушісімін. Алдағы күндері Астанаға баруды асыға күтіп отырмын. Өйткені бағдарламамызды алғаш рет өзге елде өткізгелі отырмыз, – дейді тәжірибелі маман.
Ол алдағы уақытта Хорватияның Премьер-министрі Андрей Пленковичпен, сондай-ақ БҰҰ-ның Көші-қон ұйымының өкілі Эми Папамен және басқа да танымал сарапшылармен сұхбаттаспақшы.