Қонаев қаласына қарасты Капшағай су қоймасында судағы қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша кең ауқымды рейд жүргізілді. Шараға Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы, Көліктік бақылау инспекциясы, полиция қызметкерлері, Қонаев қаласы әкімінің орынбасары және прокуратура өкілдері қатысты,- деп хабарлайды Ertenmedia
Рейд барысында:
-
ҚР ӘҚБтК 412-бабы бойынша (су айдындарында қауіпсіздік ережелерін бұзу) 8 әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл хаттамаларда құтқару жилетінсіз шағын қайықтармен жүрген азаматтар тіркелді;
-
ҚР ӘҚБтК 582-бабы бойынша (кеме қатынасы ережелерін бұзу) 9 хаттама жазылып, кейбір тұлғалардан кеме жүргізу куәлігі болмағаны, сондай-ақ борт нөмірінің жоқтығы анықталды;
-
3 гидроцикл тәркіленіп, айыппұл тұрағына қойылды.
Мамандар судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау — адам өмірін қорғаудың ең маңызды шарты екенін ескертеді. Құтқару құралдарынсыз суға шығу – өз өміріңізге қауіп төндірумен тең.
Рейд барысында демалушыларға қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Мұндай тексерістер алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.
«Су айдындарында тәртіп бұзғандарға қатысты жауапкершілік заң жүзінде қарастырылған. Бұл тек айыппұлмен ғана шектелмей, қайғылы жағдайларға әкелуі мүмкін. Сондықтан әр азамат қауіпсіздік ережелерін сақтауы тиіс», – делінген Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.